Қазақстанда алғаш рет тағайындалған награда Түркия президентіне табысталады

14.05.2026

Sputnik.KZ парақшасынан алынған ақпаратқа сәйкес, Qazaq24.com хабарлайды..

АСТАНА, 14 мамыр – Sputnik. Қасым-Жомарт Тоқаев Түркия президенті Режеп Тайип Ердоғанға жаңадан тағайындалған награданың табысталатынын мәлімдеді, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан тілшісі.

Астанадағы Тәуелсіздік сарайында өткен келіссөздер кезінде Тоқаев биыл киелі Түркістан жеріне барғанда Қожа Ахмет Яссауи атындағы арнайы марапатты тағайындауға шешім қабылдағанын жеткізді.

"Осыған орай тиісті заңға өзгеріс енгізілді. Мен де арнайы жарлыққа қол қойдым. Құрметті Режеп Тайип Ердоған мырза, бүгін мен қазақ-түрік ынтымағы жарасқан тарихи күнде осы мәртебелі награданы ең алғаш рет табыстайын деп отырмын. Бүгін арнайы рәсімді өткіземіз", - деді Тоқаев.

Президенттің айтуынша, бұл награда қазақ елінің Түркия президентіне деген шынайы ықыласы, құрметі және өзара бауырластықтың жарқын үлгісі болады.

Айта кетері, "Қожа Ахмет Ясауи" орденімен отандық және шетелдік ғалымдар, мемлекет және қоғам қайраткерлері, сондай-ақ мемлекеттілікті нығайтуға және қоғамдық-саяси, әлеуметтік, мәдени және гуманитарлық салаларды дамытуға үлес қосқан азаматтар марапатталады.

Маңызды жаңалықтар мен жаңартуларды өткізіп алмау үшін Qazaq24.com сайтын қадағалаңыз.
Читать полностью