Qazaq24.com, Inform.KZ дереккөзінен алынған ақпаратқа сүйене отырып жаңалық таратады..
Фото: Оқу-ағарту министрлігі— Келешек мектебіндегі AI Interactive Smart Classroom кабинетінде бейнебақылау мен аудиоаналитика жүйелері орнатылған. Бұл талдау жүйелері сабақ кезінде оқушылардың белсенділігін, назарын және сыныптағы жалпы жағдайды талдап, мұғалімге жедел ақпарат береді. Соның арқасында мұғалім сабақты нақты жағдайға қарай бейімдей аладығ, — делінген хабарламада.
Жиналған деректер жасанды интеллект арқылы өңделіп, әр сабақ бойынша қысқаша талдау жасалады. Бұл мұғалімдерге қай тақырып қиын екенін немесе қай тұста қызығушылықтың төмендейтінін анықтауға көмектеседі. Барлық ақпарат тек білім беру мақсатында пайдаланылады.
Фото: Оқу-ағарту министрлігіКабинет заманауи цифрлық құрылғылармен жабдықталған. Интерактивті панельдер мен жоғары өнімді есептеу жүйелері сабақтарды көрнекі әрі түсінікті етуге мүмкіндік береді.
Сонымен қатар мектепте оқушыларға дрондарды басқару үйретіледі. Оқушылар дронды ұшырумен қатар, оны бағдарламалап, түрлі тапсырмаларға бейімдеуді меңгереді. Олар өз жобаларын жасап, нәтижесін бірден көріп, талдай алады. Бұл теория мен практиканы қатар ұштастыруға жол ашады.
Фото: Оқу-ағарту министрлігі№ 101 мектеп өкілдерінің айтуынша, жоба мұғалімдерге нақты көмек беріп, оқыту үдерісін жеңілдетуге және жетілдіруге бағытталған. Алдағы уақытта кабинет пилоттық режимде сынақтан өтеді.
Айта кетейік, бұл мектеп- заманауи форматта салынған білім беру ұйымдарының бірі. Мұнда цифрлық технологиялар, STEM бағыттары және тәжірибелік оқыту кеңінен енгізілген.
Айта кетейік, бұған дейін Астанада оқушылар смарт парталарда білім ала бастағанын жаздық.