Aikyn.KZ парақшасынан алынған деректерге сүйене отырып, Qazaq24.com хабарлама жасады..
Оның ішінде 12,5 мың шақырым республикалық маңызы бар және 18,5 мың шақырым жергілікті маңызы бар жолдар қамтылды. Ауқымды жұмыстар жол инфрақұрылымын жаңартумен қатар, жол жүру уақытын қысқартуға және өңірлердің көлік қатынасының қолжетімділігін арттыруға мүмкіндік берді, – деп хабарлайды Aikyn.kz.
2020-2026 жылдар аралығында Көлік министрлігі автомобиль жолдарын дамыту және жаңғырту бойынша кешенді жұмыстар жүргізді. Осы кезеңде «Астана – Алматы», «Талдықорған – Өскемен», «Ақтөбе – Атырау – Астрахань», «Меркі – Бұрылбайтал», «Қалбатау – Майқапшағай», Үлкен Алматы айналма автомобиль жолы, «Үшарал – Достық», «Қостанай – Денисовка», «Подстепное – Федоровка», «Ұзынағаш – Отар» және «Петропавл – Ресей Федерациясының шекарасы» сияқты ірі жобалар аяқталды.
Атқарылған жұмыстар жол қозғалысына қатысушылар үшін нақты нәтижесін берді. Республикалық маңызы бар жолдардың нормативтік жағдайдағы үлесі 89%-дан 93%-ға, жергілікті жолдар бойынша 71%-дан 91%-ға дейін өсті. Сонымен қатар төрт жолақты автомобиль жолдарының ұзындығы 2,3 мың шақырымнан 4,4 мың шақырымға дейін ұлғайды.
Негізгі бағыттар бойынша жол жүру уақыты да айтарлықтай қысқарды. Автомобиль жолдарының техникалық параметрлерін жақсарту нәтижесінде жекелеген учаскелерде көліктің орташа қозғалыс жылдамдығы сағатына 60 шақырымнан 140 шақырымға дейін артты. Соның нәтижесінде бірқатар негізгі бағыттар бойынша жол жүру уақыты шамамен екі есеге қысқарды.
Автомобиль жолдарының дамуы ішкі туризмнің өркендеуіне де ықпал етуде. Қазіргі уақытта 24 туристік нысанға тұрақты көлік қатынасы қамтамасыз етілді. Сонымен қатар жол бойындағы сервистік инфрақұрылымды дамытуға ерекше көңіл бөлінуде. Осы кезеңде 412 жол бойындағы сервис нысаны салынды. Нормативтік талаптарға сәйкес келетін нысандардың үлесі 66%-дан 94%-ға дейін артты.
Автомобиль жолдарын күтіп-ұстаудың тұрақты жүйесін қалыптастыру мақсатында ақылы жолдар желісі де кеңейтілуде. Бұған дейін ақылы жолдардың ұзындығы 700 шақырымды құраса, бүгінде бұл көрсеткіш шамамен 6,2 мың шақырымға жетті.
Жалпы, соңғы алты жылда 31 мың шақырым автомобиль жолының жаңартылуы, көп жолақты трассалар желісінің кеңеюі, жол қауіпсіздігінің артуы, жол жүру уақытының қысқаруы, жол бойындағы сервистің дамуы және туристік нысандардың көлік қолжетімділігінің жақсаруы Қазақстанның заманауи әрі тиімді жол желісін қалыптастыруға мүмкіндік берді. Жаңартылған көлік инфрақұрылымы өңірлердің дамуына, елдің транзиттік әлеуетін арттыруға және экономиканың одан әрі өсуіне берік негіз қалыптастырып отыр.
Сараптама, зерттеу мақала, күнделікті өзекті ақпаратты «Айқынның» TELEGRAM арнасынан табасыз.