Қазақстанда ана өлімі ең төменгі көрсеткішке дейін азайды

18.06.2026

Qazaq24.com, Tengrinews.KZ дереккөзінен алынған мәліметтерге сүйене отырып түсініктеме береді..

Қазақстанда ана өлімі азайған. Бұл туралы Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев айтты, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Ақордаға сілтеме жасап.

Қазақстанда ана өлімі азайған. Бұл туралы Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев айтты, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Ақордаға сілтеме жасап.

18 маусымда Ақордада медицина қызметкері күніне орай салтанатты іс-шара өтті. Сөз сөйлеген Президент Қазақстанда ана өлімі азайғанын мәлімдеді.

"Баршаңызға белгілі, мемлекет медицина саласын дамытуға әрдайым баса назар аударады. Қазір де осы бағытта ауқымды жұмыс істеліп жатыр. Нақты нәтижелер бар.
Былтыр еліміз бойынша азаматтардың орташа өмір сүру ұзақтығы 76 жасқа жақындады. Соңғы үш жылда ана өлімі 35 пайызға, ал сәби өлімі 24 пайызға қысқарды. Бұл – Тәуелсіздік жылдарындағы ең төменгі көрсеткіш.
Кейінгі жеті жылда еліміз бойынша 1300-ге жуық денсаулық сақтау нысаны салынды. Медициналық сақтандыру саласы да заман талабына сай жаңғыртылды", - деді Тоқаев.

Еске салайық, бұған дейін Мемлекет басшысы дәрігерлерді кәсіби мерекесімен құттықтаған болатын.

Сондай-ақ Тоқаев жалпыұлттық референдумға белсенді қатысқан медицина мамандарына ризашылығын білдірді.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Google News арқылы жаңалықтарымызды қадағалаңыз

Жазылу

Қасым-Жомарт Тоқаев

ақорда

ана мен бала

Маңызды жаңалықтар мен жаңартуларды өткізіп алмау үшін Qazaq24.com сайтын қадағалаңыз.
Читать полностью