Қазақстанда апаттық жағдайдағы үйлер көбейіп барады

11.03.2026

Qazaq24.com, Sputnik.KZ дереккөзінен алынған ақпаратқа сүйене отырып жаңалық таратады..

АСТАНА, 11 наурыз – Sputnik. Қазақстанда апаттық жағдайдағы тұрғын үй мәселесі өршіп тұр: өткен жылдың қорытындысы бойынша проблемалы үйлердің саны мен аумағы артып, азаматтардың қауіпсіздігі мен тұрмыс сапасына қатысты тәуекелдер ұлғайды, деп жазды Ranking.kz.

2025 жылы елімізде апаттық жағдайдағы тұрғын үйлердің саны 7%-ға артып, 2,6 мың бірлікке жетті. Бұл ретте өсім қалалық жерлерде де (плюс 2,4%), ауылдық жерлерде де (плюс 11,5%) байқалды. Апаттық жағдайдағы тұрғын үйлердің жалпы ауданы 3,2%-ға ұлғайып, 834 мың шаршы метрді құрады.

"Өткен жылы апаттық жағдайдағы үйлерде 50 мыңнан астам адам тұрды, бұл 2024 жылмен салыстырғанда 5,7%-ға (немесе 2,7 мың адамға) көп", - деп жазды портал.

Өңірлер тұрғысынан алғанда жағдай әлі де әркелкі. 2025 жылы апаттық жағдайдағы тұрғын үйлердің саны бойынша Атырау облысы көш соңында қалды. Өңірде 705 апаттық тұрғын үй тіркелген, онда 13 мыңнан астам адам тұрады — бұл қауіпті жағдайда өмір сүруге мәжбүр тұрғындардың саны бойынша да ең жоғары көрсеткіш. Оның үстіне бір жыл ішінде өңірдегі мұндай үйлердің саны тағы 49 бірлікке артып, ел бойынша ең нашар динамиканың бірі ретінде тіркелді.

Көш соңында екінші сатыда Ақмола облысы тұр: аймақта апаттық жағдайдағы үйлердің саны 270 объектіге жетті (бір жылда 5 бірлікке артты).

Апаттық жағдайдағы үйлер ең көп шоғырланған үшінші өңір — Батыс Қазақстан облысы: мұнда 262 үй апаттық жағдайда. Айта кетері, өңірде бұл көрсеткіш бойынша ең жоғары өсім байқалады: бір жыл ішінде апаттық жағдайдағы үйлердің саны 55 бірлікке артқан.

Апаттық жағдайдағы үйлер саны ең көп аймақтардың қатарына сондай-ақ Астана (191 бірлік) және Абай облысы (172 бірлік) енді.

"Проблемалық үйлердің ең аз мөлшері Жамбыл (4 бірлік), Қостанай (8 бірлік) және Алматы (16 бірлік) облыстарында тіркелген. Дегенмен, бұл жерде "тіркелген" сөзіне назар аудару қажет: тұрғын үй қорының нақты жағдайы статистикалық деректерден өзгеше болуы мүмкін", - дейді мамандар.

Енді оң үрдістерге тоқталайық. 2025 жылы еліміздің төрт өңірінде апаттық жағдайдағы тұрғын үйлер санының азайғаны байқалды. Олардың қатарында Алматы (30 бірлікке азайған) және Қарағанды (12 бірлікке азайған) облыстары, сондай-ақ Астана қаласы (10 бірлікке азайған) мен Солтүстік Қазақстан облысы (7 бірлікке азайған) бар.

Жалпы алғанда, Қазақстандағы апаттық жағдайдағы тұрғын үй мәселесі әлі шиеленісіп тұр. Ресми түрде апатты деп танылған тұрғын үй санының артуы тұрғын үй қорының тозғанын көрсетсе, өңірлер арасындағы алшақтық пен есепке алудағы олқылықтар (мысалы, Алматы қаласындағыдай) мәселенің толық көрінісін зерделеуге кедергі келтіреді.

Соңғы жаңалықтар мен жаңартуларды жіберіп алмау үшін Qazaq24.com сайтынан бақылауды жалғастырыңыз, біз жағдайды қадағалап, ең өзекті ақпаратты ұсынамыз.
Читать полностью