Қазақстанда ақылы жолдардан жиналған қомақты қаражат қайда жұмсалып жатыр

30.03.2026

Qazaq24.com, Inform.KZ дереккөзінен алынған мәліметтерге сүйене отырып мәлімдеме жасады..

— Былтыр ақылы жолдардан 87 млрд теңге жиналды. 2026 жылғы жоспар аясында 97-100 млрд теңге жиналуы мүмкін. Ақылы жолдардан түсетін барлық кіріс автомобиль жолдарын күтіп ұстау мен дамытуға бағытталады, — деді Дархан Иманашев Орталық коммуникациялар қызметіндегі баспасөз мәслихатында.

Осы орайда ол автожолдарды күтіп ұстауға жиналған қаражаттың 30 пайызы жұмсалатынын айтты. Сонымен қатар 10 пайызы жолдардағы бейнебақылау камералары мен қызметкерлерге бағытталады.

— Жалпы, қаражаттың басым бөлігін техника сатып алуға жұмсап келеміз. Мәселен, екі жылда 1200 арнайы техника сатып алдық. Ал биылғы жоспар аясында осындай 800 техниканы алмақпыз. Атап айтқанда, бізге 2 мыңға жуық техника керек. Сол себепті осы мәселеге ерекше назар аударып отырмыз, — деді компания басшысы.

Бұған дейін хабарланғандай, елде су тасқыны қаупі бар жол учаскелері азайды.

Оқиғаларды жіберіп алмау үшін Qazaq24.com сайтынан ең өзекті жаңалықтарды қарап отырыңыз.
Читать полностью