Қазақстанда әр инвесторға жеке прокурор тағайындалып, әкімшілік тосқауылдар жойылады

09.04.2026

Qazaq24.com, Inform.KZ дереккөзінен алынған мәліметтерге сүйене отырып жаңалық жариялады..

Жиында Инвесторлардың құқықтарын қорғау комитетінің төрағасы Бауыржан Ералы Мемлекет басшысының Жарлығымен Бас прокуратура Инвестициялық омбудсмен құзыретіне ие болып, Инвесторлардың құқықтарын қорғау комитеті құрылғанын айтты.

— Елде алғаш рет инвесторлардың құқықтарын қорғаудың біртұтас вертикалы құрылған — өтініштен бастап нәтиже алу кезеңіне дейін. Сіздер білесіздер, прокуратура органдары әрдайым адал бизнес үшін сенімді тірек болды, себебі біздің институттың басты ерекшелігі — қадағалау құзыреті бар. Халықаралық тәжірибеде инвестициялық омбудсмендер көбіне тек ұсынымдармен шектеледі. Ал прокурорлар мемлекеттік органдардың әрекеттеріне құқықтық баға бере алады және орындауға міндетті предписаниялар енгізу құқығына ие, — деді ол.

Фото: Бас прокуратура

Осы функциялардан бөлек бірқатар бірегей тәсілдерді енгізілгенін айтты.

— Біріншісі — инвесторға сүйемелдеу. Әр жобаның өзіне тағайындалған жеке прокуроры болады. Ол жобаны алғашқы күннен бастап басқарады. Инвестор бізбен бірге барлық келісімдерді өтіп, лицензияларды алады, жоба іске асырылғанға дейін. Сонымен қатар, жобаны іске асырудан кейін қолдау көрсетеміз. Яғни, Комитет жобаны іске қосқаннан кейін де оны бақылауды жалғастырады, жобаның тұрақты жұмыс істеп тұрғанын тексеру үшін. Барлық жұмыс цифрлық платформа арқылы жүргізіледі, — деп нақтылады Бауыржан Ералы. 

Оның айтуынша, сүйемелдеу нақты уақыт режимінде цифрлық инвестициялық платформа арқылы жүргізіледі.

— Біз оны «Цифрлық қадағалау» прокурорлық жүйесімен интеграцияладық. Бұл бізге жобаның барлық кезеңдерін «бір терезеде» көруге мүмкіндік береді: жобаның жағдайы, туындайтын мәселелер, мерзімдер мен кешігулер. «Мобильді прокурор» қосымшасында арнайы бөлім енгізілмек. Инвестор әлемнің кез келген нүктесінен өз жеке прокурорына жазып немесе видеоқоңырау шала алады. Осының бәрі Комитетке биылғы жылы шамамен 600 инвестордың құқықтарын қорғауға мүмкіндік берді, олардың жобаларын жүзеге асыруға кедергі келтірген әкімшілік тосқауылдарды жойды, — деді комитет төрағасы.

Фото: Бас прокуратура

Оның сөзнше, сонымен қатар, алдын алу механизмдері жұмыс істейді.

Бұл келесі бағыт — прокурорлық сүзгі.

— Оның мәні қарапайым: мемлекеттік органдар мен квазимемлекеттік сектор субъектілері прокурормен келісусіз инвесторға талап қойып, тексеру жүргізіп, шағым түсіріп немесе әкімшілік іс қозғай алмайды. Сүзгі алдын алу шарасы ретінде жұмыс істейді, инвесторға хабарланбай, оны мазаламайды. Жалпы, прокурорлық сүзгі 1000 мемлекеттік орган шешімін болдырмайды. Нәтижесінде инвесторлар мен мемлекеттік органдар арасындағы құқықтық даулар мен қақтығыстар саны азаяды. Сонымен қатар, біз дауларды сотқа дейін реттеу комиссиясын іске қосуға дайындалып жатырмыз. Комитет инвесторлар мен мемлекеттік органдар арасындағы дауларды шешу орталығына айналады. Негізінде біз олардың медиаторы боламыз, — деді ол.

Ал Сыртқы істер министрінің орынбасары Әлібек Қуантыров Қазақстан тікелей шетелдік инвестициялардың тұрақты өсуін қамтамасыз ететінін әрі Орталық Азияда көшбасшылықты сақтап отырғанын айтты. 

— БҰҰ мәліметтері бойынша, тәуелсіздік алғаннан бері ел экономикасына 150 млрд доллардан астам инвестиция тартылған. Нәтижесінде өңірдегі барлық шетелдік инвестициялардың шамамен 70%-ы Қазақстанға шоғырланған. 2025 жылы тікелей шетелдік инвестицияның ағымы 20,5 млрд долларды құрады, өсім 14,4%-ті көрсетті. Бұл өсім тек инвестициялық базаның кеңеюін емес, ірі жобалардың шикізат секторында аяқталуы жағдайында инвестициялық ағындардың құрылымдық трансформациясын көрсетеді. Инвестиция тартудың үш деңгейлі жүйесі аясында сыртқы деңгейде — біздің сыртқы істер мекемелеріміз, орталық деңгейде — министрліктер мен даму институттары, аймақтық деңгейде — әкімдіктер жұмыс істейді. Бұл жүйеде «инвестицияға тапсырыс» құралы жүзеге асырылады, ол ұлттық экономика мен аймақтардың қажеттіліктерін, салалық бәсекелестік артықшылықтарын ескереді, — деді Әлібек Қуантыров.

Оның мәліметінше, бүгінгі таңда бірнеше ірі халықаралық компанияларды 1,8 млрд АҚШ долларынан астам инвестициямен тарту мүмкін болды.

Фото: Бас прокуратура

— Өткен жылы шетелдік компаниялармен шамамен 1200 кездесу өткізілді және олардың Қазақстанға шамамен 200 визиті қамтамасыз етілді. Инвесторлардың құқықтарын қорғау комитетін құру және бірлескен жұмыс Платформаға тағы 1800 жобаны енгізуге қосымша серпін берді, олар мемлекеттік қолдау шаралары аясында жүзеге асырылып отыр. Жүйені дамыту және жетілдіру жұмысы жалғасуда. Биыл Платформада инвестициялық келісімдерге қатысты барлық процесс толық цифрландырылады. Осылайша, келісімге өтініш беру E-license жүйесінен ауыстырылады, сондай-ақ келісімдерді ұзарту және тоқтату мүмкіндігі енгізіледі. Бұл мерзімдерді қысқартуға және әкімшілік кедергілерді азайтуға мүмкіндік береді, — деді ол.

Сыртқы істер министрінің орынбасары сонымен қатар, әкімшілік жүктемені азайту құралдары енгізілетінін, атап айтқанда, «жасыл дәліз» механизмі, ол инвесторларға мемлекеттік қызметтерді басымдықпен көрсетіп, олардың көрсетілу мерзімін 30%-ке қысқартуды көздейтінін айтты.

Осы жиында Бас прокуратура инвестицияларды қорғауда «100% кепілдік» жүйесін енгізгенін айтты.

Маңызды жаңалықтар мен жаңартуларды өткізіп алмау үшін Qazaq24.com сайтын қадағалаңыз.
Читать полностью