Azh.KZ парақшасындағы деректерге сәйкес, Qazaq24.com ақпарат таратты..
2026 жылғы 1 ақпандағы жағдай бойынша Қазақстанда 76 059 ардагер тұрады, оның ішінде Ұлы Отан соғысының (бұдан әрі – ҰОС) 69 ардагері, жеңілдіктер бойынша ҰОС ардагерлеріне теңестірілген 16 250 ардагер, 26 626 басқа мемлекеттердің аумағында ұрыс қимылдарының ардагерлері, 33 114 ҰОС жылдарындағы тыл еңбеккерлері бар.
Биыл жыл басынан бері аталған санаттардағы азаматтарға 1,5 млрд теңге сомасында арнаулы мемлекеттік жәрдемақы төленді. 2026 жылы осы мақсатқа 17,7 млрд теңге қарастырылған.
Республикалық бюджеттен берілетін ай сайынғы арнаулы мемлекеттік жәрдемақы ардагерлердің барлық санаттарына, өзге де әлеуметтік төлемдерді алуына қарамастан, мынадай мөлшерде төленеді:
ҰОС ардагерлері – 16 АЕК (2026 жылы – 69 200 теңге);жеңілдіктері бойынша ҰОС ардагерлеріне теңестірілген ардагерлер, олардың ішінде: - ҰОС кезеңінде жарақат алуы, контузия алуы, мертігуі немесе ауру салдарынан мүгедектігі бар адамдарға жеңілдіктер бойынша теңестірілген адамдар – 7,55 АЕК (2026 жылы – 32 654 теңге);- жеңілдіктер бойынша ҰОС қатысушыларына теңестірілген тұлғалар – 6,19 АЕК (2026 жылы – 26 772 теңге);басқа мемлекеттердің аумағындағы ұрыс қимылдарының ардагерлері, оның ішінде:ҰОС жылдарындағы тыл еңбеккерлері – 2,13 АЕК (2026 жылы – 9 212 теңге).Ауғанстандағы ұрыс қимылдарына қатысушылар – 6,19 АЕК (2026 жылы – 26 772 теңге);Тәжік-Ауған учаскесінде ТМД шекарасын қорғауды күшейту жөніндегі міндеттерді орындаған, Ирактағы халықаралық бітімгершілік операцияға, Таулы Қарабақтағы этносаралық қақтығысты реттеуге қатысқан әскери қызметшілер – 4,8 АЕК (2026 жылы – 20 760 теңге);Бүгін, 16:47