Qazaq24.com, Egemen.KZ дереккөзінен алынған ақпаратқа сүйене отырып жаңалық таратады..
Фото: Астана қаласының әкімдігі
«Кәсіпорынның негізгі жобаларының бірі – «Астана» атты өз брендімен автобустар шығару. Бұл автобустар Қытайдың технологиялық серіктестерімен бірлесіп әзірленген, әлемдік жетекші өндірушілердің компоненттері пайдаланылады. Сонымен қатар автобустардың дизайнын жасауға қазақстандық инженерлер тікелей қатысты. Автобустар Қазақстан аумағында өндіріледі», деді Нұрлан Смағұлов.
Оның айтуынша, дизельді және газбен жүретін автобустардың сериялық өндірісі биыл қараша айында басталады. Сонымен қатар BYD компаниясымен бірлесіп жаңа аккумуляторлық батареяларды қолданатын электр көліктерінің желісі әзірленіп жатыр. Ал «Астана» маркалы электр автобустарының өндірісін 2027 жылдың наурыз айында бастау жоспарланып отыр.
Айта кетейік, Қазақстанда 2028 жылға дейін пилотсыз жүк тартқыш көліктер мен үш жаңа маркалы автомобильдер өндірісі іске қосылады. Елімізде шығарылатын көліктер желісі кеңейтіліп, автозауыттарда жасанды интеллект технологиялары белсенді енгізіле бастайды.