Қазақстанда асыл тұқымды мал басы толықтырылып жатыр

04.10.2026

Qazaq24.com, Sputnik.KZ дереккөзінен алынған ақпаратқа сүйене отырып жаңалық таратады..

АСТАНА, 4 қазан - Sputnik. Елде мал шаруашылығын дамытудың 2026-2030 жылдарға арналған кешенді жоспарына 80 млрд теңге қарастырылған, деп хабарлады Ауыл шаруашылығы министрлігі.

Бұл қаражатқа 40 мың бас ірі қара және 20 мың бас ұсақ мал сатып алу жоспарланған. Биылдың өзінде алыс шетелдерден Қазақстанға 7 234 бас ірі қара жеткізілген.

"Түркістан облысына жыл басынан бері етті және сүтті бағыттағы 860 бас ірі қара әкелінді. "Азия Милк" тауарлы-сүт фермасына Даниядан голштин тұқымды 165 бас малдың кезекті партиясы жеткізілді. Сонымен аталған шаруашылыққа Даниядан әкелінген малдың жалпы саны 330 басқа жетті", - делінген хабарламада.

Солтүстік Қазақстан облысында "Буденное СК" серіктестігінің сүт кешеніне Германиядан голштин тұқымды 165 қашардың кезекті легі әкелінді. Бұл – шаруашылыққа жеткізілген бесінші лек. Осылайша, кәсіпорындағы мал басының жалпы саны 825-ке жетті, дейді министрлік.

Алғашқы малдар жыл басында жеткізілсе, наурыз айында фермада алғашқы төл алынды. Мал жеткізу жұмыстары толық аяқталғаннан кейін шаруашылық импортталған асыл тұқымды мал басымен толық жасақталады.

Айталырнша, қабылданған шараларды іске асыру ауыл шаруашылығы тауарын өндірушілерге мал басын кезең-кезеңімен жаңартуға, жануарлардың өнімділігін арттыруға және өндірісті кеңейтуге мүмкіндік береді.

Маңызды жаңалықтар мен жаңартуларды өткізіп алмау үшін Qazaq24.com сайтын қадағалаңыз.
Читать полностью