Aikyn.KZ парақшасындағы ақпаратқа сәйкес, Qazaq24.com хабар таратты..
Билік елдің транзиттік әлеуетін арттыру және авиакомпаниялар үшін ұшуды тиімді ету мақсатында әуежайлардағы авиакеросин бағасын кезең-кезеңімен төмендетіп жатыр, – деп хабарлайды Aikyn.kz сайты.
Бұл туралы Көлік министрі Нұрлан Сауранбаев мәлімдеді. Министрдің айтуынша, ұшу құнының 40 пайызы әуе отынына тиесілі.
Бұған дейін Қазақстан әуежайларында авиакеросин бағасы 1200–1300 АҚШ доллары деңгейінде болса, тапсырма берілгеннен кейін Энергетика министрлігі бағаны 940 долларға дейін түсірген.
Алдағы уақытта оны тағы 100 долларға арзандату жоспарланып отыр.
«Отын бағасы төмендесе, әуе билеттері де арзандайды, логистика құны қысқарады және жаңа авиакомпаниялар тартылады.
Бұл – әуе экономикасының ең маңызды факторларының бірі», – деді Нұрлан Сауранбаев.
Ал Энергетика министрі Ерлан Ақкенженов Президент тапсырмасына сәйкес авиаотынның ұшаққа дайын күйдегі бағасы тоннасына 1200 доллардан 940 долларға дейін төмендетілгенін, алдағы уақытта 890 долларға дейін арзандату көзделіп отырғанын айтты.