Qazaq24.com, Aikyn.KZ дереккөзінен алынған ақпаратқа сүйене отырып жаңалық таратады..
Ақтөбе облысының Байғанин ауданындағы Ноғайты ауылында «Ауыл құтқарушылары» 230-шы ерікті өртке қарсы құралымы ашылды, – деп хабарлайды Aikyn.kz.
Нысан «САГИЗ ПЕТРОЛЕУМ КОМПАНИ» ЖШС-нің демеушілігімен, кәсіпорынның өз қаражаты есебінен салынды. Өрт сөндіру бекеті тәулік бойы жұмыс істеуге бейімделген. Мұнда кезекші құрамның қызмет атқаруы мен тынығуына қолайлы жағдай жасалған. Сондай-ақ арнайы техниканы сақтауға арналған гараж және қажетті тұрмыстық бөлмелер қарастырылған.
Өрт сөндіру бекеті өрт сөндіру автокөлігімен, өртке қарсы арнайы техникалық жабдықтармен және заманауи байланыс құралдарымен қамтамасыз етілген. Бұл техникалық құралдарды ТЖМ табыс етті. Сонымен қатар төтенше жағдайлар бөлімінің мамандары ерікті өрт сөндірушілердің кәсіби даярлығын арттыру мақсатында тұрақты түрде теориялық және практикалық сабақтар өткізеді.
Жаңа өрт сөндіру бекетінің ашылуы Ноғайты ауылдық округіндегі өрт қауіпсіздігі деңгейін арттырып, өрттер мен басқа да төтенше жағдайларға жедел ден қоюға мүмкіндік береді.
Сараптама, зерттеу мақала, күнделікті өзекті ақпаратты «Айқынның» TELEGRAM арнасынан табасыз.