Қазақстанда ауылға барған дәрігерлерге ең жоғары төлем қай өңірде төленеді

24.04.2026

Qazaq24.com, Inform.KZ дереккөзінен алынған мәліметтерге сүйене отырып мәлімдеме жасады..

Еліміздің 16 өңірінде тапшы мамандықтар бойынша 529 медицина қызметкеріне 100 ең төменгі жалақы көлемінде немесе арттырылған мөлшерде біржолғы төлем берілген.

— 2025 жылы 100 ең төменгі жалақы көлеміндегі немесе арттырылған мөлшердегі (10 млн теңге) біржолғы төлемдер Қазақстанның 16 өңірінде жүзеге асырылды. Бұл төлемдерді негізінен ауылдық жерлерге жұмыс істеуге барған 529 медицина қызметкері алды, – деп мәлімдеді министрлік.

Инфографика: Kazinform

Төлем алғандар саны бойынша Маңғыстау облысы көш бастады. Мұнда 113 медицина қызметкеріне жалпы 960,5 млн теңге төленген.

Екінші орында – Батыс Қазақстан облысы. Бұл өңірде 67 маманға 569,5 млн теңге берілген. Үшінші орында Атырау облысы, мұнда 57 медицина қызметкері 484,5 млн теңге көлемінде қолдау алған.

Жетісу облысында біржолғы төлемнің арттырылған мөлшері – 10 млн теңге берілген. Бұл өңірде 45 медицина қызметкеріне жалпы 450 млн теңге төленген.

Еліміз бойынша нақты төленген қаражат көлемі 4,966 млрд теңгені құрады.

Денсаулық сақтау министрлігінің мәліметінше, Ұлытау облысында төлем мөлшері 8 млн теңгені құраған. Бұл көрсеткіш заңда белгіленген 100 ең төменгі жалақыдан төмен, сондықтан бағдарлама талаптарының ішінара орындалуы ретінде бағаланады.

Қосымша ақпарат пен соңғы жаңалықтар үшін Qazaq24.com сайтын бақылаңыз.
Читать полностью