Қазақстанда авиациялық жұмыстар тек сертификатпен ғана жүргізілуі тиіс

28.04.2026

Qazaq24.com, Inform.KZ дереккөзінен алынған мәліметтерге сүйене отырып ақпарат бөліседі..

— Авиациялық жұмыстарды белгіленген тәртіппен берілген, авиациялық жұмыстарды орындау құқығына қолданыстағы куәлігі бар сертификатталған пайдаланушылар ғана орындай алады. Аталған куәліксіз, сондай-ақ тиісті пайдалану спецификацияларынсыз авиациялық жұмыстарды жүзеге асыру Қазақстан Республикасы заңнамасын бұзу болып табылады және Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен жауаптылыққа тартылады, — делінген хабарламада.

Пайдаланушылар келесі талаптарды қамтамасыз етуге міндетті:

авиациялық жұмыстарды орындау құқығына арналған қолданыстағы куәліктің болуы; әуе кемелерінің ұшуға жарамдылық талаптарына сәйкестігі; ұшуды орындауға рұқсат және авиация персоналының біліктілігі; азаматтық құқықтық жауапкершілікті міндетті сақтандырудың болуы; белгіленген метеорологиялық минимумдар мен пайдалану шектеулерін қоса алғанда, ұшу қауіпсіздігі жөніндегі талаптарды сақтау. 

ААК және ҚАӘ авиациялық жұмыстар саласындағы заңсыз қызмет ұшу қауіпсіздігіне, адамдардың өмірі мен денсаулығына, сондай-ақ мүлікке тікелей қатер төндіретінін атап көрсетеді.

Авиациялық жұмыстарды тиісті сертификаттаусыз жүзеге асыратын тұлғалар мен ұйымдарға қатысты әуе кемелерін пайдалануға тыйым салуға және материалдарды құқық қорғау органдарына беруге дейін әкімшілік ықпал ету шаралары қолданылатын болады. ААК және ҚАӘ азаматтық әуе кемелерінің пайдаланушыларын Қазақстан Республикасы заңнамасының талаптарын қатаң сақтауға және қызметті тек қолданыстағы рұқсат беру құжаттары болған жағдайда ғана жүзеге асыруға шақырады.

Бұған дейін Қазақстан авиациясында биометрия мен цифрлық жүк тасымалы енгізілетінін жаздық.

Маңызды жаңалықтар мен жаңартуларды өткізіп алмау үшін Qazaq24.com сайтын қадағалаңыз.
Читать полностью