Tengrinews.KZ парақшасынан алынған ақпаратқа сәйкес, Qazaq24.com хабарлайды..
Қазақстанда баланы бір мектептен екіншісіне ауыстыру процесі толықтай онлайн режимге көшірілді. Енді ата-анаға оқу орнының әкімшілігіне барудың, қағаз түріндегі есептен шығару талонын сұратудың және жеке іс-қағаздарын алудың қажеті жоқ. Интернет арқылы ауысу рәсімі қалай жүзеге асады, қандай құжаттар қажет және не нәрсеге назар аударған маңызды – Tengri Education материалында.
Баланы онлайн қалай ауыстыруға болады?
Мектептен мектепке онлайн ауысу eGov.kz электрондық үкімет порталы арқылы қолжетімді. Ол үшін:
eGov.kz порталында авторлану; "Білім" бөліміне өтіп, "Бастауыш, негізгі орта, жалпы орта білім беру ұйымдары арасында балаларды ауыстыру үшін құжаттарды қабылдау" қызметін таңдау; Электрондық өтінімді толтыру: баланың мәліметтерін көрсетіп, жаңа мектепті таңдау; Өтінімге порталда қолжетімді әдістердің бірімен (ЭЦҚ, QR-код немесе SMS-құпиясөз) қол қою керек; Мәртебені Жеке кабинеттегі "Қызметтерді алу тарихы" бөлімі арқылы қадағалауға болады.Маңызды: Жаңа мектепке алдын ала барып, жазбаша растау алудың қажеті жоқ – келісу процесі автоматты түрде жүреді.
eGov.kz арқылы онлайн қызмет көрсету мерзімі – бір жұмыс күні.
Егер құжаттарды қағаз жүзінде офлайн өткізсеңіз – үш 5 жұмыс күні. Қызмет тегін көрсетіледі.
Қандай құжаттар қажет?Онлайн өтінім рәсімдеу кезінде артық формаларды толтырудың қажеті жоқ – негізгі құжаттар мен мәліметтер ведомствоаралық іс-қимыл арқылы мемлекеттік ақпараттық жүйелерден автоматты түрде алынады.
Құжаттарды жеке барып рәсімдеген жағдайда – мектеп 1 жұмыс күні ішінде қабылданғаны туралы есептен шығару талонын береді. Оны 3 жұмыс күні ішінде бұрынғы оқу орнына тапсыру керек.
Құжаттарды мектепке жеке барып тапсырғанда мыналар қажет болады:
Ата-анасының немесе заңды өкілінің өтініші; Ата-анасының жеке куәлігі – түпнұсқасы мен көшірмесі; Баланың туу туралы куәлігі – түпнұсқасы мен көшірмесі; Оқушының бұрынғы мектебінен алынған жеке іс-қағазы; Медициналық карта және басқа да медициналық құжаттар; Егер мәліметтер автоматты түрде берілмесе, бұрынғы мектептен есептен шығару талоны; Баланың 3×4 көлеміндегі екі суреті.Кейбір жағдайларда мекенжай анықтамасы сұралуы мүмкін. Шетел азаматтарына төлқұжат, тұруға ықтиярхат немесе көші-қон картасы қажет болуы ықтимал..
Баланы қашан ауыстыруға болады?Жалпы ереже бойынша, ауыстыру мектеп каникулдары кезінде жүзеге асырылады. Бірақ оқу жылы ішінде де ауысуға болатын ерекше жағдайлар бар:
Басқа елдімекенге көшу немесе бір қала ішінде тұрғылықты жерін ауыстыру; Қазақстан аумағынан тыс жерге шығу; Заңды күшіне енген сот шешімінің болуы; Зорлық-зомбылыққа, қатыгездікке немесе қорлыққа (буллингке) ұшыраған, сондай-ақ соған куә болған балаларды ауыстыру. Ауыстырудан бас тарту себептеріБас тартудың негізгі себептері – таңдалған мектепте бос орынның болмауы, сондай-ақ жалған мәліметтер ұсыну немесе белгіленген талаптарға сәйкес келмеу.
Бас тартылған жағдайда өтініш берушіге ресми дәлелді хабарлама жіберіледі.
Бұған дейін қазақстандық оқушыларға амандасу әдебі үйретілетіні туралы жазған едік. Оқушыларға арналған сәлемдесу ережелерін әзірлеуге Ыбырай Алтынсарин атындағы Ұлттық білім академиясы жұмылдырылды. Мамандар қазір әдістемелік ұсынымдар дайындап жатыр. Бұл туралы толығырақ мына жерден оқыңыз.
Бізді Google-дың негізгі дереккөздер тізіміне қосыңыз
Қосу