Sputnik.KZ парақшасынан алынған деректерге сүйене отырып, Qazaq24.com хабарлама жасады..
АСТАНА, 13 мамыр – Sputnik. Қазақстан тарихта алғаш рет балмұздақтың нетто-экспорттаушысы мәртебесіне ие болды, деп хабарлады Ауыл шаруашылығы министрлігі.
2025 жылдың қорытындысы бойынша экспорт көлемі 36,8%-ға артып, 14,2 мың тоннаны құрады және импорт көрсеткішінен асып түсті.
"Қазақстандық балмұздақтар негізінен Ресей, Қырғызстан және Өзбекстан елдеріне экспортталады", - деп жазылған хабарламада.
Сонымен қатар импорт көлемі төмендеп келеді. Мәселен, 2025 жылы балмұздақ импорты 5,1%-ға қысқарып, 12,2 мың тоннаға дейін азайды. Бұл отандық өндірушілердің сыртқы нарықта бәсекеге қабілеттілігі артып, ішкі нарықта позициясының нығайып жатқанын көрсетеді.
"Қаңтар-наурыз айларының қорытындысы бойынша балмұздақ өндірісі бірден 58,6%-ға өсіп, 14 566 тоннаға жетті", - дейді мамандар.