Qazaq24.com, Sputnik.KZ дереккөзінен алынған ақпаратқа сүйене отырып жаңалық таратады..
АЛМАТЫ, 10 маусым - Sputnik. Қазақстанда 35,1 мың тонна балмұздақ өндірілді, деп хабарлайды Ұлттық статистика бюросы.
Биыл қаңтар - мамыр айларының қорытындысы бойынша Қазақстанда 35,1 мың тонна балмұздақ өндірілді. Ең көп өндірген аймақ Алматы облысы, жалпы өндірістің 66,3%. Ірі өндірушілер қатарында Түркістан облысы, Алматы қаласы және Ақмола облысы.
Өндірілген өнімнің негізгі бөлігін кілегейлі балмұздақ пен пломбир құрады. Бұл жалпы өндіріс көлемінің 80% астамына тең.
"Биыл қаңтар–сәуір айларында қазақстандық балмұздақ экспорты 6,4 мың тонна болып,, ақшалай көлемі 24,8 млн АҚШ долларына жетті. Бұл өткен жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда нақты мәнде 46,4%, ал ақшалай мәнде 77,0% артық", - дейді бюро.
Экспорт көлемі импорттан 2,9 мың тоннаға асып түсті.
Экспорттың 99,9% ТМД елдеріне бағытталды. Негізгі өткізу нарығы – Ресей, оған 4,3 мың тонна өнім жөнелтілді. Сондай-ақ Қырғызстанға экспорт 68,4%, Өзбекстанға 27,7% өсті.