Қазақстанда баспана алуға мүмкіндік беретін зейнетақы реформасы талқыланып жатыр

26.06.2026

Egemen.KZ парақшасындағы ақпаратқа сәйкес, Qazaq24.com хабар таратты..

Фото: Istockphoto.com

Оның айтуынша, министрлік зейнетақы реформасын талқылауды жалғастырып жатыр, өйткені қосымша ұсыныстар түскен. Солардың қатарында Сингапур үлгісі де бар.

Министрдің айтуынша, келесі аптада дәл осы нұсқа жан-жақты талқыланбақ.

«Сингапур үлгісінде де жинақтаушы жүйе қарастырылған. Яғни азаматтар міндетті түрде зейнетақы жинағын қалыптастырады. Бірақ оның ерекшелігі – кейін сол қаражаттың есебінен тұрғын үй сатып алуға мүмкіндік беріледі. Қазір сарапшылардың ұсыныстарын күтіп отырмыз. Олар түскен бойда жұмыс тобының қарауына енгіземіз», деді А. Ертаев Парламент палаталарының бірлескен отырысынан кейін.

Ол зейнетақы жүйесіне қатысты ұсынылған барлық нұсқалардың ішінен ең оңтайлы, ортақ шешім таңдалып, соның негізінде зейнетақы жүйесін одан әрі дамыту жөнінде түпкілікті шешім қабылданатынын айтты.

Зейнетақы шегінің өсуі тұрғын үй бағасына қалай әсер етеді?

Министр сондай-ақ бұған дейін «4+1» үлгісі мен сақтандыру моделінің талқыланғанын, ал 40 жылдық еңбек өтіліне қатысты ұсыныстың енді қаралмайтынын еске салды.

Сингапур үлгісі қалай жұмыс істейді?

Сингапурда Орталық жинақтау қорына аударылатын міндетті жарна жалпы 37%-ды құрайды:

20%-ын қызметкер төлейді; 17%-ын жұмыс беруші аударады.

Зейнетақы төлемдерінен 20% ұсталынатыны рас па?

Әлеуметтік және зейнетақы жарналары үш шотқа бөлінеді:

қарапайым (негізгі) шот; арнайы шот; медициналық шот.

Медициналық шот Қазақстандағы МӘМС жүйесіне ұқсас.

Ал арнайы шот – зейнеткердің қол сұғылмайтын зейнетақы қоры. Ондағы қаражатты тұрғын үй сатып алуға немесе білім алуға жұмсауға болмайды. Бұл тек зейнетақы төлемдеріне арналған шот. Оған аударым мөлшері 6%-дан 11,5%-ға дейін болады.

Бұған дейін хабарлағанымыздай, енді азаматтар зейнетақы активтерін интернет-платформа арқылы бақылай алады. 

Оқиғаларды жіберіп алмау үшін Qazaq24.com сайтынан ең өзекті жаңалықтарды қарап отырыңыз.
Читать полностью