Qazaq24.com, Inform.KZ дереккөзінен алынған ақпаратқа сүйене отырып мәлімет бөліседі..
Kazinform тілшісіне берген жауабында Елена Бахмутова алдағы 6–9 айда базалық мөлшерлеменің төмендеуі екіталай екенін айтты.
— Меніңше, кем дегенде алдағы 6–9 айда базалық мөлшерлеменің төмендеуі күтілмейді. Жаңа Салық кодексінің енгізілуіне байланысты қысқа мерзімді болса да, инфляцияның өсуі күтіледі. Алдын ала есеп бойынша 2–2,5%. Мұндай жағдайда Ұлттық банк базалық мөлшерлемені төмендетсе, қисынсыз болар еді. Салық кодексінің әсері әлсірегеннен кейін өзгерісті күтуге болады. Бірақ бұл 2026 жылдың соңына қарай болуы мүмкін, — деді ол.
Еске салайық, 2025 жылдың қазан айында Қазақстан Республикасы Ұлттық банкінің Ақша-кредит саясаты комитеті базалық мөлшерлемені +/- 1 п. т. дәлізімен жылдық 18% деңгейінде белгілеу туралы шешім қабылдады.
Алматыда өткен Қазақстан қаржыгерлерінің XIII конгресінде Ұлттық Банк төрағасы Тимур Сүлейменов жоспарланған салық және бюджет реформалары инфляцияға қалай әсер ететінін айтты.