Qazaq24.com, Inform.KZ дереккөзінен алынған ақпаратқа сүйене отырып жаңалық таратады..
— Бұған дейін де есте болса, жанар-жағармай нарығы еркін айналымға жіберілген кезде баға күрт өскен жоқ. Бұл тек Энергетика министрлігінің ғана емес, Бәсекелестікті қорғау және дамыту агенттігі, әкімдіктер және басқа да мемлекеттік органдардың бірлескен жұмысының нәтижесі. Біз нарықты тұрақты бақылап отырмыз, бәсекеге қарсы әрекеттерге жол бермеуге тырысамыз, — деді Сұңғат Есімханов Үкімет үйінде өткен баспасөз мслихатында.
Оның айтуынша, жанармай бағасында күрт қымбаттау болмайды.
— Баға нарық деңгейіне біртіндеп бейімделуі мүмкін. Көрші елдерде жанармай бағасы әлдеқайда жоғары екенін өздеріңіз де көріп отырсыздар. Сондықтан аздап, біртіндеп өсуі мүмкін, бірақ күрт қымбаттау болмайды деп ойлаймын, — деп толықтырды вице-министр.
Еске салайық, Қазақстанда 1 сәуірден бастап АИ-92 бензині мен дизель отыны бағасының өсуіне енгізілген мораторий өз күшін жойды.
Бұған дейін «Туристік Қамқор» ұйымы Таяу Шығыстағы шиеленіс пен Ормуз бұғазындағы іркілістер әлем бойынша жанармай бағасының қымбаттауына әсер еткенін айтқан еді.