Қазақстанда бір жылда 171 мыңнан астам автокөлік шығарылды

21.07.2026

Egemen.KZ парақшасындағы деректерге сәйкес, Qazaq24.com ақпарат таратты..

Фото: primeminister.kz

Министрдің айтуынша, соңғы бес жылда автомобиль жасау саласына шамамен 457 млрд теңге инвестиция тартылған. Соның нәтижесінде өткен жылы өндіріс көлемі 18 пайызға өсіп, 171 мыңнан астам автокөлік шығарылған.

«Соңғы бес жылда салаға 457 млрд теңгеге жуық инвестиция тартылды. Өткен жылы 171 мыңнан астам автокөлік шығарылып, өндіріс көлемі 18%-ға артты», деді Ерсайын Нағаспаев.

Оның сөзінше, биыл да оң өсім сақталып отыр. Жылдың алғашқы алты айында 94,4 мың автокөлік өндірілген. Жыл соңына дейін Қазақстанда 190 мың автокөлік шығару жоспарланып отыр. Бұл өндіріс көлемін тағы 11 пайызға арттыруға мүмкіндік береді.

Қазақстанның машина жасау саласы рекордтық өсім көрсетті

Министр сондай-ақ бүгінде еліміздің автомобиль жасау саласында 10 мыңнан астам адам еңбек ететінін айтты.

Қытайда шығарылған Toyota Corolla Қазақстан нарығына келді

Еске сала кетейік, бұған дейін отандық Allur автокөлік компаниясы мен қытайлық Li Auto өндірушісі Астанада стратегиялық ынтымақтастық туралы келісімге қол қойған болатын. Келісімге сәйкес енді Қостанайдағы Allur зауытында Li Auto маркалы автокөліктер шығарылады.

Маңызды жаңалықтар мен жаңартуларды өткізіп алмау үшін Qazaq24.com сайтын қадағалаңыз.
Читать полностью