Қазақстанда бір жылда 847 млн текше метр су үнемделді

10.02.2026

Egemen.KZ парақшасынан алынған деректерге сүйене отырып, Qazaq24.com мәлімдеме жасады..

Су үнемдеу технологияларын енгізу елімізде 847 млн текше метр су үнемдеуге мүмкіндік берген. Бұл туралы Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың төрағалығымен өтіп жатқан Үкіметтің кеңейтілген отырысында Премьер-министр Олжас Бектенов мәлімдеді, деп хабарлайды Egemen.kz.

«Былтыр 700 шақырым су арнасы қайта жаңғыртылса, биыл тағы 986 шақырымда күрделі жөндеу жұмыстары жүргізіледі. 4 су қоймасы жаңартылды, осы жылы тағы да төрт нысанды жаңарту жұмыстары және 3 жаңа су қоймасының құрылысы басталады.
Су ресурстарын кешенді басқарудың бас жоспарына негіз болатын сегіз бассейндік жоспарды әзірлеу аяқталады», деп атап өтті Олжас Бектенов.

Мемлекет басшысының Ұлттық құрылтайда берген тапсырмасына сәйкес, жыл соңына дейін еліміздің су-энергетика ресурстарының картасы әзірленеді.
Суды үнемдеу мәселесі басым бағыт болып қала береді. Бүгінде суармалы жерлердің үштен бірінен астам бөлігі су үнемдеу технологияларымен қамтылған. Нәтижесінде өткен жылы 847 млн текше метр суды үнемдеу мүмкін болды. Алдағы уақытта жыл сайын қосымша 150 мың гектарға жуық алқапты қамту жоспарланып отыр. Бұл ретте Су ресурстары және Ауыл шаруашылығы министрліктерінің алдында көрсеткіштердің әдейі бұрмалануына жол бермеу міндеті тұр.

Елімізде 11 мың шақырым автомобиль жолы жаңғыртылады

Сондай-ақ туристік саланы дамыту үшін Үкімет қабылдап жатқан шараларға назар аударылды. Ағымдағы міндеттер мен басымдықтарды ескере отырып, туристік саланы дамытуға арналған Кешенді жоспардың өзектілігін арттыру бойынша жүргізіліп жатқан жұмыстар да атап өтілді.

Салада бірқатар ірі жоба жүзеге асып жатыр. Мәселен, Алматы тау кластерінің қолданыстағы инфрақұрылымын жаңғырту және жаңа нысандар салу жұмыстары, соның ішінде заманауи шаңғы курортының жобасы басталды. Қазіргі таңда 17 көтерме жол және 53 шақырым трасса жұмыс істеп тұр. Қосымша 46 көтерме жол мен 221 шақырым трасса іске қосылады. Құрылыс-монтаж жұмыстары көктемде басталады.

40 пайыздық меже: Үкімет халықтың нақты табысын қалай өсірмек?

Биыл Катонқарағай, Зайсан және Кендірліде жаңа әуежайлардың құрылысы аяқталады. Ол осы өңірлерде туризмді дамытуға қосымша серпін береді.

Соңғы жаңалықтар

Қазақстан 2035 жылға дейін 26 ГВт жаңа қуат көзін енгізеді

Үкімет • Бүгін, 11:00

10 күнде жеңілдетілген несие: Үкімет бизнесті қолдаудың жаңа тетіктерін әзірлеп жатыр

Үкімет • Бүгін, 10:50

Жаңа өндірістік нысандарға қанша инвестиция тартылады?

Үкімет • Бүгін, 10:49

Жергілікті бюджеттердің республикалық бюджетке тәуелділігі 34%-ға дейін төмендейді

Экономика • Бүгін, 10:42

Қауіпті Нипах вирусы және қызылша: Қазақстан шекарада бақылауды күшейтті

Медицина • Бүгін, 10:32

Президент төрағалығымен Үкіметтің кеңейтілген отырысы өтеді

Президент • Бүгін, 10:20

6 ай бойы жүйелі түрде жәбірленушіні аңдыған астаналық азамат бас бостандығынан айырылды

Заң • Бүгін, 10:17

Кұлсарыдағы оқиға: Үйқамақтағы оқушыға сабаққа қатысуға рұқсат берілді

Білім • Бүгін, 10:12

Шымкентте жалдамалы пәтерден үш адамның мәйіті табылды

Оқиға • Бүгін, 10:02

Павлодарда жол күтіміне немқұрайды қарағандар жазаланды

Аймақтар • Бүгін, 09:51

Қысқы Олимпиада: Бүгін отандастарымыз 6 спорт түрінен жүлдеге таласады

Қысқы спорт • Бүгін, 09:40

Бүгінгі доллар бағамы қандай?

Теңге • Бүгін, 09:36

Ақпанның ақтүтек бораны: Еліміздің басым бөлігінде күн райы күрт бұзылады

Ауа райы • Бүгін, 09:21

10 ақпанда елдегі қай жолдар ашық, қайсысы жабық?

Ауа райы • Бүгін, 09:20

Көлік қатынасындағы нәтижелі жұмыстар

Экономика • Бүгін, 09:15

Барлық жаңалықтар

Маңызды жаңалықтар мен жаңартуларды өткізіп алмау үшін Qazaq24.com сайтын қадағалаңыз.
Читать полностью