Zakon.KZ парақшасынан алынған деректерге сүйене отырып, Qazaq24.com хабарлама жасады..
"Қазгидромет" РМК дерегіне сүйенсек, баяу жылжитын батыс циклоны Қазақстан аумағының басым бөлігіне ықпалын сақтайды.
"Осыған байланысты ауа райының құбылмалы сипаты сақталады: жаңбыр жауып, найзағай ойнайды, екпінді және дауылды жел күшейеді, кей жерлерде бұршақ жаууы мүмкін".
Нөсер жауын күтіледі:
9-11 маусым күндері республиканың солтүстік-батысында және солтүстігінде;11 маусымда оңтүстік-шығысында күтіледі."Кезеңнің басында шығыс өңірлерде, ал кезеңнің ортасынан бастап оңтүстік-батыс өңірлерде жауын-шашынсыз ауа райы басым болады". "Қазгидромет" РМК баспасөз қызметі
Күндізгі ауа температурасы:
еліміздің батысында +27...+35°С дейін жоғарылайды;солтүстігінде +17...+28°С дейін төмендейді;Аптап ыстық басылады:
солтүстік-шығысында және орталығында +25...+33°С болады;оңтүстігінде және оңтүстік-шығысында +27...+35°С шамасында сақталады;"Еліміздің шығысында +32...+39°С дейін жететін ыстық ауа райы сақталады"."Қазгидромет" РМК баспасөз қызметі
Бұған дейін дүйсенбіде еліміздің төрт өңірінде аптап ыстық болатыны болжанғанын жазғанбыз.