Қазақстанда бірыңғай QR төлем жүйесі қашан іске қосылады?

18.06.2026

Egemen.KZ парақшасынан алынған деректерге сүйене отырып, Qazaq24.com хабарлама жасады..

Фото: ашық дереккөз

«Биыл 19 шілдеден бастап банкаралық QR-төлемдердің бірыңғай жүйесі іске қосылады. Парламенттің қолдауының арқасында биылғы 1 мамырдан бастап экономиканың жаңа бағытын дамытуға қажетті құқықтық негіз қалыптастырылды», деді Ұлттық банк басшысы.

Бірыңғай QR-код: енді ел азаматтары шетелде де төлем жасай алады

Тимур Сүлейменов сәуір айында бірыңғай QR-кодтың іске қосылу мерзіміне қатысты болжамды уақытты атағанымен, нақты күнін жарияламаған еді.

«Үдерісті жан-жақты зерттедік. Бұл жұмыспен өз мамандарымыз айналысып жатыр. Банктер өз экожүйелерінде QR-төлемдерге арналған технологиялар мен қауіпсіздік құралдарына қомақты инвестиция салды. Енді осы жүйелерді өзара қауіпсіз түрде ықпалдастырып, бір-біріне қолжетімді ету қажет болды», деген еді Т. Сүлейменов.

Еске салайық, өткен жылдың соңында Ұлттық банк бірыңғай QR-код жүйесі 2026 жылдың бірінші тоқсанының аяғына қарай толық іске қосылады деп жоспарлаған.

Бұған дейін 2025 жылы 13 қарашадан бастап Қазақстанда дүкендер мен түрлі қызмет көрсету орындарында бірыңғай QR-код арқылы төлем жасау жүйесі ресми түрде іске қосылған еді. 

Оқиғаларды жіберіп алмау үшін Qazaq24.com сайтынан ең өзекті жаңалықтарды қарап отырыңыз.
Читать полностью