Қазақстанда бүгін күн жылынып, кей өңірде жаңбыр мен найзағай күтіледі

19.09.2026

Qazaq24.com, Aikyn.KZ дереккөзінен алынған ақпаратқа сүйене отырып жаңалық таратты..

Қазақстанның солтүстік-батысында, кейін солтүстігінде жауын-шашын біртіндеп тоқтап, ауа температурасы көтеріледі, – деп хабарлайды Aikyn.kz сайты.

Ал батыс өңірлерде жауын-шашынсыз ауа райы сақталады.

Еліміздің оңтүстігі мен оңтүстік-шығысының кей жерлерінде найзағай ойнап, қысқа мерзімді жаңбыр жауады, жел күшейеді. Таулы аудандарда кей уақытта қатты жаңбыр күтіледі. Соған қарамастан, оңтүстік өңірлерде күн жылы болады.

Күндіз ауа температурасы солтүстікте +17…+25°С, орталық пен батыста +20…+28°С, ал оңтүстік және оңтүстік-шығыста +27…+32°С-қа дейін көтеріледі.

Қосымша ақпарат пен соңғы жаңалықтар үшін Qazaq24.com сайтын бақылаңыз.
Читать полностью