Қазақстанда цифрлық мектептер дамиды: Google шешімдері енгізілмек

19.03.2026

Qazaq24.com, Inform.KZ дереккөзінен алынған ақпаратқа сүйене отырып жаңалық таратады..

Сонымен қатар басқосуға Білім беруді тұрақты дамыту қорының директоры Данияр Тоқтарбаев қатысты. Тараптар білім беру жүйесін цифрлық трансформациялау, заманауи технологиялық шешімдерді оқу процесіне енгізу және білім беру инновациялары саласындағы ынтымақтастықты талқылады. Министр еліміздің орта білім беру саласындағы жасанды интеллект технологияларын дамыту жоспарларымен бөлісіп, Google компаниясының бастамаларын талқылады.

Фото: Оқу-ағарту министрлігі

— Біз Google компаниясын «Келешек мектептері» жобасы аясында бірлесе жұмыс жасауға шақырамыз. Ел аумағында Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың тапсырмасымен 217 мектеп салынды. Сол мектептердің 84- і ауылдарда орналасқан. Сонымен қатар бізде шағын жинақты мектептер бар. Ауылдарда барлығы 6 мыңнан астам мектеп орналасқан. Қазір біз үшін стартегиялық басымдықтардың бірі ауыл мен қала мектептері арасындағы алшақтықты жою, — деді Жұлдыз Сүлейменова.

Кездесу барысында Google компаниясының өнімдеріне негізделген Google Classroom, Gemini, Notebook LLM және өзге де жасанды интеллектіге негізделген шешімдер таныстырылды. Chromebook ноутбуктерін оқу процесінде қолданудың практикалық сценарийлері көрсетілді. Бұл технологиялар заманауи цифрлық мектептің тиімді құралы бола алады.

Фото: Оқу-ағарту министрлігі

Қазіргі таңда Google for Education Білім беру саласын тұрақты дамыту қоры мен «Өрлеу» біліктілікті арттыру ұлттық орталығымен бірлесіп Digital Bala пилоттық жобасы жүзеге асырылуда. Ол жобаның аясында мектептерде оқу процесін автоматтандыруға және мұғалімдер мен оқушылар арасында интерактивті байланыс орнатуға мүмкіндік беретін IT-құралдар енгізілмек.

Еске сала кетейік, бұған дейін ҚР Ғылым және жоғары білім министрі Google компаниясының өкілдерімен кездесу өткізіп, тараптар жоғары білімді цифрландыру және жасанды интеллект технологияларын енгізу саласындағы ынтымақтастықты дамыту перспективаларын талқылаған болатын.

Маңызды жаңалықтар мен жаңартуларды өткізіп алмау үшін Qazaq24.com сайтын қадағалаңыз.
Читать полностью