Inform.KZ парақшасынан алынған деректерге сүйене отырып, Qazaq24.com хабарлама жасады..
– Халықаралық тәжірибеге қарасақ, кеңінен тараған стейблкоиндар долларға байланған активтер саналады.
Олардың табысты болуының факторы – ол фиаттық резервтердің ашықтығы.
Бұл ретте, қай банкте орналастырылғаны, қанша сомада қамытылғаны, стейблкоинді шығару көлеміне қаншалықты қамтамасыз еткені, стейблкоинді шығаратын эмитенттердің жария есептілігі ескеріледі.
Бізде стейблкоиндарды Ұлттық банк реттейтін болады. Осы орайда екі бағыт бойынша заңнамалық түзетулерді дайындап, Парламентке енгіздік.
Бұл тұрғыда банктер туралы жаңа заң жобасына ілеспе құжат аясында тиісті өзгерістерді қарастырдық, - деді Б. Смекенов.
Оның айтуынша, аталған түзету бойынша цифрлық қаржы активтерін іске қосу мен қамтамасыз етілмеген криптоактивтердің айналымын енгізу ескерілген.
– Болашақта осы бағыт бойынша толыққанды реттеуші база болады.