Inform.KZ дереккөзінен алынған мәліметтерге сүйене отырып, Qazaq24.com түсініктеме жасады..
Бұл бағыттағы өзара іс-қимыл мәселелері Қазақстандағы БҰҰ халықты қоныстандыру қорының елдік директоры Чинве Огбоннамен өткен кездесу барысында талқыланды.
— Тараптар Қазақстандағы демографиялық ахуал жөніндегі Ұлттық баяндаманы әзірлеу аясында бірлескен әлеуметтік зерттеу жүргізу мүмкіндігін қарастырды.
Зерттеу нәтижелерін демографиялық жағдайды бағалау жөніндегі алғашқы Ұлттық баяндаманы және өңірлердің демографиялық орнықтылық индексін әзірлеуде пайдалану жоспарланып отыр.
Аталған индекс халықтың ұдайы өсу қабілетін, құрылымдық тепе-теңдікті сақтауын және әлеуметтік-экономикалық әрі мәдени өзгерістерге ұзақ мерзімді бейімделу деңгейін көрсетеді, — делінген хабарламада.
Фото: Ұлттық статистика бюросы Өз кезегінде ЮНФПА демографиялық болжаумен айналысатын Бюро қызметкерлері мен өзге де мемлекеттік органдар өкілдерінен тұратын ұлттық команданы даярлауға қолдау көрсетуге дайын екенін білдірді.
Атап айтқанда, демографиялық талдау мен болжауда жасанды интеллект пен үлкен деректерді қолдану бойынша оқыту жүргізу көзделіп отыр.
Бұл есептеулердің дәлдігін арттырып, деректермен жұмыс істеуде инновациялық тәсілдерді енгізуге мүмкіндік береді.