Egemen.KZ парақшасынан алынған ақпаратқа сүйене отырып, Qazaq24.com хабарлама жасады..
Фото: Ашық дереккөз
Өткен жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда америкалық валютаға сұраныс 15,6%-ға артқан.
305 млн доллар инвестиция: Жамбыл облысында екі ірі зауыттың құрылысы басталды
Маусым айында долларды ең көп сатып алған өңірлер – Алматы қаласы (58,3 млрд теңге), Шымкент қаласы (27,1 млрд теңге) және Атырау облысы (8,6 млрд теңге).
Еуроға деген сұраныс та 2,2 есеге өсті. Маусым айында бұл валюта 25,7 млрд теңгеге сатып алынған. Ал мамырда бұл көрсеткіш 11,6 млрд теңгені құраған.
Ал ресейлік рубльге келсек, маусым айында айырбастау орындарында қолма-қол рубльдің таза көлемі 17,5 млрд теңгені құрады. Бұл мамырдағы 30 млрд теңгемен салыстырғанда 1,7 есе аз.
Дегенмен, өткен жылдың осы кезеңінде бұл көрсеткіш 40,5 млрд теңге болған, яғни қазіргі деңгейден 2,3 есе жоғары.
Қолма-қол рубльдің ең көп көлемі Алматы қаласындағы ақша айырбастау орындарына тиесілі – 7,3 млрд теңге. Одан кейін Астана (5,1 млрд теңге) және Атырау облысы (шамамен 2 млрд теңге) орналасқан.