Qazaq24.com, Egemen.KZ дереккөзінен алынған мәліметтерге сүйене отырып ақпарат жариялайды..
Павлодар облысы аумағында болған қолайсыз ауа райы салдарынан тұрғындар жарақат алды. Күшті жел кезінде ұшқан құрылыс материалдары мен құлаған ағаш бұтақтары адамдардың өмірі мен денсаулығына қауіп төндірген, деп хабарлайды Egemen.kz.
Павлодар облыстық жедел жәрдем станциясы мәліметінше, 41 жастағы Ақтоғай ауданы тұрғыны өз ауласында гараж шатырынан құлаған шифердің соққысынан жарақат алған. Ол бет жарақатымен аудандық ауруханаға жеткізілген.
Сондай-ақ 1992 жылғы әйел адам Павлодар қаласында көшеде жүріп келе жатқан сәтте ағаш бұтағының құлауынан зардап шеккен. Зардап шегуші медициналық мекемеге жеткізілген.
Медициналық қызмет өкілдерінің айтуынша, барлық науқастарға қажетті көмек көрсетіліп жатыр.
Павлодарда салынып жатқан Ертіс көпірінде екінші рет өрт шықты
Бұдан бөлек, 29 шатыр ұшып, көпқабатты және жеке үйлер, әлеуметтік нысандар зардап шеккен. Электр желілерінің үзілуіне байланысты 36 елді мекендегі 5 мыңға жуық абонент жарықсыз қалған. Төтенше жағдай салдарын жою жұмыстары күні бойы жүргізіліп, бірқатар ақаулар қалпына келтірілген.
Қарағанды облысында да желдің екпіні 25-33 м/с-қа дейін жеткен. Соның салдарынан тұрғын үйлер, әлеуметтік және әкімшілік нысандар, сондай-ақ коммуналдық инфрақұрылым зақымданған.
Еліміздің бірнеше облысында түнде үсік жүреді: 28 сәуірге арналған ауа райы болжамы
Жұлдыз елді мекенінде қатты жел салдарынан жергілікті мектептің шатыры ұшып, амамен 400 шаршы метр шатыр жерге құлаған. Сонымен қатар тұрғын үйлер мен көліктердің терезелері сынған жағдайлар тіркелген.
Мамандар тұрғындарға қолайсыз ауа райы кезінде қауіпсіздік шараларын сақтап, ашық аумақтарда жүрмеуге кеңес береді.
Соңғы жаңалықтар
Перизат Қайраттың қоры арқылы мұқтаждарға пәтер уәде еткен кәсіпкер 3,9 млрд теңге жымқырған
Қылмыс • Бүгін, 10:05
Астанада балалар мінген аттракцион құлады: Саябақ басшылығы оқиғаның себебін түсіндірді
Елорда • Бүгін, 09:51
Астаналық оқушы әр адамның күніне қанша су тұтынатынын есептейтін платформа әзірледі
Зерде • Бүгін, 09:43
Еліміздің бірнеше облысында түнде үсік жүреді: 28 сәуірге арналған ауа райы болжамы
Ауа райы • Бүгін, 09:20
Бүгін 1 долларды қанша теңгеге сатып алуға болады?
Қаржы • Бүгін, 09:05
Астанада бір көшеде көлік қозғалысы ішінара шектеледі
Елорда • Кеше
Алматы облысында 73 майдангердің есімі көшелерге берілген
Өшпес даңқ • Кеше
Өтініш қабылдау аяқталды: Негізгі ҰБТ мамыр айында басталады
Қоғам • Кеше
Орлов шахтасында жұмысшы қаза тапты
Оқиға • Кеше
Аида Балаева елорда мектебіндегі TopIQ Smart Class мүмкіндіктерімен танысты
Технология • Кеше
Президент бірқатар заңға қол қойды
Президент • Кеше
Қасым-Жомарт Тоқаев пен Ицхак Герцогтың келіссөзі кеңейтілген құрамда жалғасты
Президент • Кеше
Алматыда қауіпті жарыс өткізген көлік жүргізушілері жауапқа тартылды
Оқиға • Кеше
Алимент өндіру ісі: Алматыда сот орындаушысы 4,2 млн теңгені заңсыз иемденген
Оқиға • Кеше
Туған жер құрметінен қанаттанып…
Әдебиет • Кеше