Qazaq24.com, Inform.KZ дереккөзінен алынған ақпаратқа сүйене отырып жаңалық таратты..
Оның айтуынша, геологиялық барлау жұмыстарының негізгі бағыты Қаратон, Қажығали және Жылыой учаскелерін қамтитын Жылыой карбонатты платформасы болып отыр.
— Ашылған Қаратон, Қажығали және Жылыой карбонатты массиві Қашаған кен орнының құрылымын қайталайды. Массивтің ресурстық әлеуеті 4,7 млрд тонна (көмірсутектер). Бұл Қашағанның геологиялық әлеуетімен шамалас. Алайда Қашаған таяз теңіз аймағында орналасқандықтан, үлкен капиталдық шығынды талап етеді. Ал бұл массив құрлықта орналасқан. Осылайша, капиталдық шығын едәуір төмендейді, — деді Құрманғазы Есқазиев.
Жалпы алғанда, Жылыой карбонатты массивінің ресурстық әлеуеті 20 млрд тонна шартты отынға бағаланып отыр.
Қаратон учаскесінде қазірдің өзінде тереңдігі 5750 метр болатын ұңғыма бұрғыланып, жұмыстар оң нәтиже берген. Бес перспективалы нысан анықталған.
Компания басшысының бірінші орынбасары Қаратондағы табысты нәтижеден кейін геологиялық барлау жұмыстарын Қажығали учаскесінде кеңейту жоспарланып отырғанын айтты. Қазіргі уақытта жер қойнауын пайдалану келісімшартын алу бойынша келіссөздер жүргізіліп жатыр.
Жаңа жоба қолданыстағы өнімді бөлу туралы келісімдерге әсер етпейді және бөлек әрі басқа компаниялармен, оның ішінде «Татнефтьпен» серіктестікте жүзеге асырылады.
Бұған дейін «ҚазМұнайГаз» «Қаламқас-теңіз» бен «Хазар» кен орындарын игеруге жаңа серіктес қарастыратынын жазған едік.