Qazaq24.com, Arasha.KZ дереккөзінен алынған ақпаратқа сүйене отырып жаңалық таратты..
Қазақстан Республикасы Экология және табиғи ресурстар министрлігінің мәліметі бойынша еліміз жаңа технологиялар мен цифрландыруды қоршаған ортаны қорғау саласына белсенді іске қосып жатыр.
Құзырлы мекеменің дерегі бойынша елімізде автоматтандырылған мониторинг жүйелері жоспарланған 115 кәсіпорынның ішінде 87-сінде орнатылған, оның ішінде 81 кәсіпорын деректерді онлайн форматта жіберіп отыр. Ең үздік қолжетімді технологиялар: 24 анықтама әзірленіп, оларға көшу 21 кәсіпорында басталған екен. Ал 2028 жылға дейін тағы 8 анықтама бекітіледі.
Қалдықтарды басқару бойынша цифрландыру (ЖИ қолдану) арқылы елімізде бірқатар шаралар қолға алынып жатыр. Олар қалдықтарды цифрлық форматқа көшіру, оларды есепке алу жүйесін құру, қозғалысын бақылау мен инфрақұрылымды талдау және жетіспеушіліктерді анықтау мен мемлекеттік экологиялық бақылау жүйесін цифрландыру және жетілдіру. Сонымен қатар қалдықтармен жұмыс істеу үшін электрондық сауда алаңын жасау да қолға алынған. Сондай-ақ қашықтықтан мониторинг цифрландыру арқылы жүзеге асады.
Ақпараттық-талдамалық қамтамасыз етуде ЖИ-талдауды енгізу, шығын лимитін асыру кезінде АСМ арқылы айыппұлдарды автоматтандыру, eGov mobile платформасында «Қоғамдық тыңдаулар» мобильдік нұсқасын іске қосу қарастырылған.
«Экология салаларын цифрлық трансформациялау шеңберінде мониторингтің көпфункционалды платформасы – «Қоршаған ортаның жай-күйі туралы деректердің ұлттық банкі» және «Табиғат» атты табиғи ресурстардың интерактивті картасы енгізілді. Бұл бағыттағы жұмыс жалғастырылады және үздік цифрлық шешімдерді пайдалану, сондай-ақ жасанды интеллект элементтерін енгізу арқылы жүзеге асырылады», - деп айтап өтті Экология және табиғи ресурстар министрі Ерлан Нысанбаев.
Министрліктің мәліметі бойынша бүгінде 24 орман мекемесі орман өртін ерте анықтау жүйесімен қамтылған. Жоба III кезеңде жүзеге асырылуда, жұмыстардың толық аяқталуы ағымдағы жылдың маусым айының соңына жоспарланған.
«Tabigat.Gov.Kz» табиғи ресурстар интерактивті картасы жұмыс істейтінін де айта кеткен жөн.
Қоқыс жинау орындарын ғарыштық мониторингтеу; Ормандарды кесуді ғарыштық мониторингтеу; Орман кесу билетін беру қызметі іске қосылған.