Tengrinews.KZ парақшасынан алынған ақпаратқа сәйкес, Qazaq24.com хабарлайды..
Қазақстанда салынып жатқан тұрғын үй кешендерінің жарнамасында "эконом", "комфорт", "бизнес", "премиум" секілді тұрғын үй санаттары жиі қолданылады. Бірақ іс жүзінде мұндай градация заңнамада бекітілмеген, сондықтан сатып алушылар премиум-жылжымайтын мүліктің орнына жай ғана жайлы үй алуы мүмкін. Тұрғын үй кешендерін жіктеудің стандарттары мен бірыңғай методологиясы неге қажет екені туралы Қазақстан құрылыс салушылар қауымдастығының президенті Виктор Микрюков TengriНоме авторлық бағанында айтып берді.
Поделиться
Қазақстанда салынып жатқан тұрғын үй кешендерінің жарнамасында "эконом", "комфорт", "бизнес", "премиум" секілді тұрғын үй санаттары жиі қолданылады. Бірақ іс жүзінде мұндай градация заңнамада бекітілмеген, сондықтан сатып алушылар премиум-жылжымайтын мүліктің орнына жай ғана жайлы үй алуы мүмкін. Тұрғын үй кешендерін жіктеудің стандарттары мен бірыңғай методологиясы неге қажет екені туралы Қазақстан құрылыс салушылар қауымдастығының президенті Виктор Микрюков TengriНоме авторлық бағанында айтып берді.
ЧИТАЙТЕ ТАКЖЕ
“Бизнес“ санатынан деп алған үй “эконом“ болып шықса, құрылыс компаниясын жауапқа тартуға бола ма?
Тұрғын үй санаттары туралы ережелер жиынтығы неге жұмыс істемейді?Қазақстанда көппәтерлі тұрғын үйлердің классификациясы (ҚР ҚЖ 3.02-101-2012) әзірленген. Ол тұрғын үйлерді санаттарға бөліп, техникалық минимумды белгілейді:
бір адамға шаққандағы ауданы; төбелердің биіктігі; тұрақтың болуы; әрлеу түрі.Алайда бұл ережелер жиынтығы бойынша бір классқа бір-бірінен түбегейлі ерекшеленетін тұрғын үй кешендері кіруі мүмкін. Мысалы, бір ауданда ресми түрде бір санаттағы бірнеше кешен салынуы мүмкін, бірақ ауласы, кәсіби басқарушы компаниясы, инфрақұрылымы және кілтті табыстағаннан кейін құрылыс салушының сатып алушыларға деген қарым-қатынасы әртүрлі болады.
Шын мәнінде, сапасы әртүрлі өнімдер үшін ұқсас атаулар қолданылады. Нашар жоба бәсекелестікте тек бағасымен ғана жеңеді. Ал сатып алушы нақты қоныстанғанға дейін сервистегі, экожүйедегі және мәміледен кейін болатын жағдайлардағы айырмашылықты көрмейді.
Қолданыстағы ережелер жиынтығы - бұл өнімнің сапасын өлшеу емес, тек техникалық шекті деңгей. Нарыққа құрылыс нормаларын алмастыру емес, нормативтік минимумнан тыс сапаны бағалау әдістемесі қажет.
Жаңа әлістеме нені өзгертеді?Қазақстан құрылыс салушылар қауымдастығы ҚР Өнеркәсіп және құрылыс министрлігімен бірлесіп, бүгінде тұрғын үй кешендерін жіктеудің жаңа әдістемесін енгізу мәселесін пысықтап жатыр.
Анықтама: Тұрғын үй кешендерін жіктеу методологиясы - бұл әрбір жобаға өлшенетін параметрлер негізінде класс беретін міндетті сапаны бағалау жүйесі. Бұл рейтинг немесе субъективті пікір емес, нәтижесі жарияланатын және тәуелсіз верификациядан өтетін стандартталған процедура.
Әдістеме ережелер жиынтығы өлшемейтін мына жайттарды қамтиды:
ауланың көрінісі және тұрғындарға жайлылығы; құрылыс салушының қаншалықты сенімді екені; басқарушы компанияның сапасы; жақын маңда мектеп пен балабақшаның болуы; тұрғындардың өздерін қаншалықты қауіпсіз сезінетіні.Тұрғын үйді бағалау кезінде неге назар аударылады?Бірде-бір құрылыс салушы тәуелсіз растаусыз өзіне "премиум" санатын таңа алмайды - методология санатты тағайындаудың, жариялаудың және верификациялаудың міндетті процедурасы болып табылады.
Дәйексөз авторын қосу
Сурет қосу
Виктор Микрюков
Қазақстан құрылыс салушылар қауымдастығының президенті
Әрбір тұрғын үй кешені 10 негізгі критерийлер тобы бойынша бағаланады:
Архитектура және қасбеттер. Орта және аула. Инженерия және технологиялар. Инфрақұрылым және экожүйе. Сервис және басқарушы компания. Құрылыс салушының сенімділігі. Бренд беделі. Қауіпсіздік. Мәртебе. Customer Experience (ағылшын тілінен аударғанда "клиенттік тәжірибе") - бұл клиенттің алғашқы жарнамадан бастап сатып алуға дейінгі бүкіл тұтынушылық жолында брендпен өзара әрекеттесуінен алған әсері.Бағалау қорытындысы бойынша әрбір жобаға төрт кластың бірі беріледі: "стандарт", "комфорт", "бизнес" немесе "премиум".
Мұндай бағалауды жүргізу тетігі қосымша пысықталады. Дегенмен, қазірдің өзінде негізгі екпін жүйені автоматтандыруға түсетіні белгілі, бұл құрылыс салушы ұсынған деректерге сәйкес қорытынды баллды өздігінен шығаруға мүмкіндік береді. Сонымен қатар, белгілі бір баллды есептеу үшін қажетті санаттар бойынша тұрғын үй кешенінің негізгі сипаттамалары мен көрсеткіштерін айқындайтын бірыңғай әдістемені бекіту жоспарланып отыр.
Классификация қалай жұмыс істейді: жобадан бастап пайдалануға берілгенге дейінЖаңа жүйенің түбегейлі маңызды айырмашылығы - класс үй пайдалануға берілгеннен кейін емес, алдын ала - сіз шартқа қол қоймас бұрын беріледі және кейін кілттерді тапсырмас бұрын қайта тексеріледі. Құрылыс салушы жобалық құжаттаманы мемлекеттік сараптамаға өткізеді. Дәл осы кезеңде, яғни жария сату басталғанға дейін жүйе барлық критерий бойынша баллды автоматты түрде есептеп, алдын ала санатты белгілейді.
Нәтиже ашық түрде жарияланады: сыныбы, қорытынды балы және 10 топтың әрқайсы бойынша бағалар ТҮК сайтындағы жобаның жария карточкасында және маркетплейс алаңдарында көрсетіледі.
Үй салынып, пайдалануға берілгеннен кейін, нақты өнімді мәлімделген сипаттамалармен салыстыру үшін қорытынды верификация жүргізіледі. Оның нәтижелері бойынша сыныпқа үш мәртебенің бірі беріледі: "расталды", "түзетілді" немесе "расталмады". Бұл құрылыс салушының сізге "комфорт" деңгейіндегі үй салып беріп, оны "премиум" ретінде сата алмайтынын білдіреді. Қорытынды верификация сәйкессіздікті жария түрде тіркейді.
Бұл сізге сатып алушы ретінде не береді?Әдістеменің басты артықшылығы - сіз тұрғын үйдің сыныбын шартқа қол қоймас бұрын білесіз.
Бүгінде сатып алушылардың көбі нақты сапа туралы тек үйге көшіп келгенде, яғни бірдеңені өзгерту кеш болғанда ғана біледі. Енді сыныпты жобалау кезеңінде беру және сату басталғанға дейін жариялау ұсынылады.
Бұдан бөлек, сіз жобаларды бірыңғай шкала бойынша салыстыру мүмкіндігіне ие боласыз. 0-ден 100-ге дейінгі қорытынды балдар мен 10 нақты топ бойынша бағалар екі ТҮК-ні жарнамалық буклеттер арқылы емес, өлшенетін көрсеткіштер арқылы салыстыруға мүмкіндік береді. Егер сіздің отбасыңыз үшін аула мен балалар қауіпсіздігі маңызды болса, сіз жалпы маркетингтік сипаттамамен шектелмей, дәл осы параметрлерді салыстыра аласыз.
Пайдалануға беру кезіндегі верификация - сыныптың жай ғана құрғақ уәде емес, нақты міндеттемеге айналатынын білдіреді. Егер нақты өнім мәлімделгенге сәйкес келмесе, бұл жария түрде тіркеледі. Сонымен қатар, жосықсыз құрылыс салушы үшін мұндай нысанды пайдалануға беруде айтарлықтай қиындықтар туындайды.
Осылайша, құрылыс салушылар бұдан былай бір нәрсені сатып, басқа нәрсені сала алмайды. Жылжымайтын мүлік - көптеген адам өміріндегі ең ірі сауда, ал бұл әдістеме тұрғын үй сыныбын маркетингтік құралдан верификацияланған дерекке айналдырады.
Редакциядан ескертпе: автор атап өткен идеялар - әзірге Қазақстан құрылыс салушылар қауымдастығы Өнеркәсіп министрлігімен бірлесіп пысықтап жатқан ұсыныстар ғана. Олардың осы күйінде енгізілетін-енгізілмейтіні және қашан жүзеге асатыны әзірге белгісіз.
Редакцияның көзқарасы автордың пікірімен сәйкес келмеуі мүмкін
Автор туралы: Виктор Микрюков - "Қазақстан құрылыс салушылар қауымдастығы" ЗТБ президенті. Құрылыс саласы мен юриспруденцияда 20 жылдық тәжірибесі бар. Көптеген жыл бойы тұрғын үй құрылысының, жылжымайтын мүлік нарығын дамытудың, құрылыс заңнамасын және салалық реттеуді жетілдірудің түйінді мәселелерін шешуге қатысып келеді.
Аударған: Дина Шәріпхан
Google News арқылы жаңалықтарымызды қадағалаңыз
Жазылу