Қазақстанда электр желілеріндегі апатты оқиғалар 13% ға төмендеді

22.04.2026

Qazaq24.com, Inform.KZ дереккөзінен алынған ақпаратқа сүйене отырып жаңалық таратты..

Энергетика министрлігінің мәліметінше, 2025 жылы 17 мың шақырым электр беру желілері мен 420 қосалқы станцияға күрделі жөндеу жүргізілген. Нәтижесінде желілердің тозу деңгейі 66%-ға дейін төмендеген.

– Жүргізілген жаңғырту жұмыстарының нәтижесінде электр желілеріндегі апаттылық 13%-ға азайып, 3140 технологиялық бұзушылықтың алдын алуға мүмкіндік берілді. Бұл шаралар энергетикалық инфрақұрылымның сенімділігін арттыруға бағытталған, – делінген мәліметте.

Биыл да ауқымды жөндеу жұмыстары жалғасады. Жалпы 17 мың шақырым электр желісін жаңарту жоспарланған. Оның ішінде Ақмола облысында – 2,5 мың км, Павлодар облысында – 2,4 мың км, Жамбыл және Ұлытау облыстарында – 1,8 мың км-ден астам желі жөнделеді.

Сонымен қатар 444 қосалқы станцияны, 3,4 мың тарату пункті мен трансформаторлық қосалқы станцияларды жаңғырту көзделген.

– Жоспарланған шараларды іске асыру электр желілерінің орташа тозу деңгейін қосымша 65%-ға дейін төмендетуге, электрмен жабдықтау сенімділігін арттыруға және елдің энергетикалық жүйесінің тұрақтылығын күшейтуге мүмкіндік береді, – деп атап өтілген.

Айта кетейік, көмір электр станцияларынан зиянды газ бөлінуі 34%-ға дейін қысқарады.

Қосымша ақпарат пен соңғы жаңалықтар үшін Qazaq24.com сайтын бақылаңыз.
Читать полностью