Sputnik.KZ парақшасынан алынған деректерге сүйене отырып, Qazaq24.com жаңалық жариялайды..
АСТАНА, 17 шілде – Sputnik. Қазақстанда бір аптаның ішінде әлеуметтік маңызы бар бірқатар азық-түлік тауарларының бағасы төмендеді, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан ұлттық стастистика бюросының ресми сайтына сілтеме жасап.
Ресми мәліметке сәйкес, ең көп арзандаған өнім – қияр, оның бағасы 4,6% төмендеді. Сонымен қатар қызанақ пен сәбіз (әрқайсысы - 3,2%), жұмыртқа (-0,4%), ұн (-0,3%), тауық еті (-0,2%) бағасының төмендеуі тіркелді.
"Республика бойынша қиярдың орташа бағасы бір келісі үшін 524 теңгені құрады. Ал ең төмен баға Тараз қаласында тіркелді. Ол жақта бір келісі 357 теңге тұрады", - делінген хабарламада.
Күріштің орташа бағасы - 534 теңге. Ең қолжетімді баға Қызылорда (456 теңге) мен Алматыда (478 теңге) тіркелген.
Ал ең арзан қырыққабатты Түркістан қаласында бір келісі үшін 137 теңгеге сатып алуға болады.
Бұдан бөлек, I санаттағы 10 дана жұмыртқаның ең төмен бағасы Қызылордада (464 теңге) және Оралда (476 теңге) тіркелді