Qazaq24.com, Tengrinews.KZ дереккөзінен алынған ақпаратқа сүйене отырып жаңалық таратты..
Үкіметте ең төменгі жалақыны, сондай-ақ мемлекеттік қызметшілер мен бюджеттік сала қызметкерлерінің еңбекақысын көтеру мүмкіндігі қарастырылып жатыр. Бұл туралы премьер-министрдің орынбасары - ұлттық экономика министрі Серік Жұманғарин айтты, деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.
Үкіметте ең төменгі жалақыны, сондай-ақ мемлекеттік қызметшілер мен бюджеттік сала қызметкерлерінің еңбекақысын көтеру мүмкіндігі қарастырылып жатыр. Бұл туралы премьер-министрдің орынбасары - ұлттық экономика министрі Серік Жұманғарин айтты, деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.
Жұманғариннің айтуынша, тиісті шаралар келесі республикалық бюджетті қалыптастыру кезінде қарастырылуы мүмкін.
"Келесі бюджетте ең төменгі жалақыны арттыру бойынша нақты іс-қимылдарды қарастыратынымыз анық. Қазір оның қаншалықты және қандай жолмен өсетінін айқындаймыз. Сондай-ақ, мемлекеттік қызметшілер мен бюджеттік сала қызметкерлерінің жалақысын тікелей көтеру мәселелерін де қарастыруымыз мүмкін", - деді Жұманғарин Парламент палаталары бірлескен отырысының қорытындысы бойынша өткен брифингте.
Бұл ретте вице-премьер қазақстандықтардың әл-ауқатын тұрақты арттыру үшін тек жалақыны көтеру жеткіліксіз екенін атап өтті.
"Мәселені жалақыны көтере салумен шешу мүмкін емес. Экономика секторларында еңбек өнімділігін арттырып, тұрақты жұмыс орындарын құру қажет. Егер жұмыс орындары өнімді экономикада құрылса, қызметкерлердің табысы инфляция ауытқуларына азырақ тәуелді болады", - деп түсіндірді ол.
Жұманғариннің айтуынша, үкімет әзірлеген кешенді жоспар алты базалық шараны қамтиды. Олар, соның ішінде, адами капитал сапасын, еңбек өнімділігін арттыруға және жұмыс орындарын құруға бағытталған.
Бұдан бөлек, жалақыны арттыруға қатысты мәселелердің бір бөлігін мемлекет, жұмыс берушілер және қызметкерлер өкілдерінің қатысуымен үшжақты комиссиялар арқылы шешу көзделіп отыр.
Жұманғарин бұған дейін бюджеттік сала қызметкерлерінің жалақысы шамамен 30 пайыз өскенін еске салды. Оған дейін экономиканың жекелеген секторларында да кезең-кезеңімен көтеру жұмыстары жүргізілген болатын. Алайда, ұлттық экономика министрінің сөзінше, жалақының өсуі еңбек өнімділігінің артуымен қатар жүруі тиіс.
Мән-жайыҚазіргі уақытта Қазақстанда ең төменгі жалақы 85 мың теңге. Бұған дейін Үкімет оны 150 мың теңгеге дейін көтеру мүмкіндігін жоққа шығармаған еді, бірақ Жұманғарин түпкілікті шешім есептеулер мен республикалық бюджет мүмкіндіктеріне байланысты болатынын айтты.
Сондай-ақ вице-премьер ЕТЖ-ны көтеру мәселесін жеке жұмыс тобы қарастырып жатқанын хабарлады. Нақты параметрлер 2027–2029 жылдарға арналған республикалық бюджет жобасы қалыптасқаннан кейін белгілі болады.
Бұған дейін Жұманғарин барлық қызметкердің жалақысын міндетті түрде индекстеуді енгізуге қарсы шыққан болатын. Оның айтуынша, мемлекет жеке бизнесті жалақыны үнемі көтеруге тікелей міндеттей алмайды, бірақ компаниялар өсіп жатқан табысының бір бөлігін өз қызметкерлеріне бағыттай алатындай жағдай жасауы тиіс.
Google News арқылы жаңалықтарымызды қадағалаңыз
Жазылу