Tengrinews.KZ парақшасындағы ақпаратқа сәйкес, Qazaq24.com хабар таратты..
Қазақстанда "Еnvida ai" қаржы пирамидасын құру және оны басқару фактісі бойынша тергеу жүргізіліп жатыр. Мән-жайды Қаржылық мониторинг агенттігінің баспасөз қызметі хабарлады, деп жазады Tengrinews.kz.
Қазақстанда "Еnvida ai" қаржы пирамидасын құру және оны басқару фактісі бойынша тергеу жүргізіліп жатыр. Мән-жайды Қаржылық мониторинг агенттігінің баспасөз қызметі хабарлады, деп жазады Tengrinews.kz.
ТолығырақТергеу мәліметтері бойынша, жобаны ұйымдастырушылар WhatsApp мессенджері арқылы "Еnvida ai күнделікті пассивті табыс" және "Еnvida ai супер жаңа жоба күнделікті пассивті табыс" деген атаулармен топтар құрып, оған азаматтарды белсенді түрде тартқан.
"Жобаның маркетингтік моделі көп деңгейлі жүйе бойынша құрылған, онда негізгі табыс жаңа салымшыларды тарту есебінен қалыптасып отырған. Жоба өзін нақты активтерге инвестиция салатынын алға тартып, халықаралық экожүйе ретінде таныстырған", - деп хабарлады ведомстводан.
Ұйымдастырушылардың қаржы пирамидасына 370-тен астам салымшы тартқаны нақтыланды.
Қатысушылардың географиясы еліміздің алты өңірін: Ақтөбе, Атырау, Қызылорда, Павлодар, Түркістан облыстары мен Алматы қаласын қамтыған.
Ведомство тергеу амалдары жалғасып жатқанын хабарлады. ҚМА Қылмыстық-процестік кодекстің 201-бабына сәйкес, өзге ақпарат жария етуге жатпайтынын атап өтті.
Сондай-ақ ведомство қазақстандықтарды қырағы болуға және жинақтарын күмәнді қаржы ұйымдарына салмауға шақырды.
Тағы оқыңыз: 5 күнде жоғары пайда алуға уәде еткен: Қазақстанда кезекті схема әшкереленді