24.KZ парақшасынан алынған ақпаратқа сәйкес, Qazaq24.com хабарлайды..
Қазақстанда соңғы 2 айда 1,2 миллионнан астам адам жедел респираторлық-вирустық инфекциясын жұқтырды.
Көрсеткіш өткен жылмен салыстырғанда 19% - ға төмен. Бұл туралы денсаулық сақтау министрлігі хабарлап отыр. Ведомство ақпарынша, індеттің ілмегіне іліккендердің 66 пайызы - балалар. Маусым басталғаннан бері А типті тұмаудың 300 жағдайы зертханалық талдауда расталған. Мұнымен қоса тұмауға қарсы емес вирустарға 1456 лабораториялық зерттеу жүргізіліп, 30% -ында оң нәтиже алынған. Көбінесе риновирус, паратұмау, бокавирус анықталып отыр. Еліміздің стационарларында 7 222 инфекциялық төсек - орын әзірленген. Оның 39%-ы қазір жұмыс істеп тұр. 2 793 науқастың ішінде 2500-ға жуығы ЖРВИ-мен тағы 360-ы пневмониямен емдеуге жатқызылған.