Inform.KZ дереккөзінен алынған мәліметтерге сүйене отырып, Qazaq24.com түсініктеме жасады..
Атап айтқанда, мемлекеттік экологиялық сараптаманың оң қорытындысы болған жағдайда Үкіметтің шешімімен жерлерді босалқы жерлер санатына ауыстыруға болатын жағдайлардың тізбесі кеңейтілді.
Оған:
- Жерлерді пайдалану мақсатында ауыстыру жағдайлары қосылды;
- денсаулық сақтау және білім беру нысандарын пайдалану үшін;
- қолданыстағы зираттар үшін;
- кәріздік тазарту құрылыстары үшін;
- ерекше қорғалатын табиғи аумақтар құрылғанға немесе олардың аумағы кеңейтілгенге дейін салынған әрі сол аумақта орналасқан, нысаналы мақсаты өзгертілмейтін электр беру желілерін пайдалану үшін.
Жерді ауыстыруға негіз ретінде аумақтың функционалдық аймақталуын және уәкілетті орган бекіткен инфрақұрылымды дамытудың бас жоспарын ескеретін комиссияның оң қорытындысы қабылданады.
Қаулы қол қойылған күнінен бастап күшіне енеді.
Еске сала кетейік, Мәжіліс ерекше қорғалатын табиғи аумақтарға қатысты заңды қабылдаған еді.