Қазақстанда Ерте жастан еңбекке және кәсіпке баулу пилоттық жобасы іске қосылды

05.03.2026

Qazaq24.com, Inform.KZ дереккөзінен алынған мәліметтерге сүйене отырып ақпарат бөліседі..

Жобаның негізгі мақсаты – мектеп жасына дейінгі балалардың мамандықтар әлеміне қызығушылығын арттыру, еңбекке деген оң көзқарасын қалыптастыру және түрлі іс-әрекет арқылы олардың жеке қабілеттерін дамыту. 

Пилоттық жобаға еліміздің 20 өңірінен 100 мектепке дейінгі ұйым қатысып жатыр. Жоба аясында балабақшаларда балаларға арналған арнайы тәжірибелік бағыттар ұйымдастырылуда. Олардың қатарында: зергерлік, аспаздық, тігінші, инженерлік зертхана, құрылыс алаңы, жылыжай және бау-бақша алаңы, қолөнер шеберханасы бар. 

Бұл алаңдар арқылы балалар еңбек түрлерімен танысып, шығармашылық және практикалық дағдыларын дамыта алады. Пилоттық жобаны іске асыру үшін «Ерте жастан кәсіпке және еңбекке баулу» әдістемелік ұсынымдары мен нұсқаулықтары, сондай-ақ арнайы іс-қимыл жоспары әзірленді. 

Жоба шеңберінде мектепке дейінгі ұйымдарда балалардың жас ерекшеліктеріне сәйкес түрлі танымдық және тәжірибелік іс-шаралар өткізу жоспарланып отыр. Мамандардың айтуынша, бұл бастама балалардың еңбекке құрметпен қарауын қалыптастырып қана қоймай, олардың шығармашылық әлеуетін дамытуға және болашақ мамандықтар әлеміне қызығушылығын арттыруға ықпал етеді. 

Бұдан бұрын «Salyq кешбэк» пилоттық жобасының мерзімі ұзартылғанын хабарлаған едік. 

Оқиғаларды жіберіп алмау үшін Qazaq24.com сайтынан ең өзекті жаңалықтарды қарап отырыңыз.
Читать полностью