Egemen.KZ парақшасындағы ақпаратқа сәйкес, Qazaq24.com хабар таратты..
Үкімет газ өндірісін арттыру және салаға инвестор тарту мақсатында көтерме бағаны тағы да өсіруді жоспарлап отыр. Бұл туралы Премьер-министрдің орынбасары – Ұлттық экономика министрі Серік Жұманғарин мәлімдеді, деп хабарлайды Egemen.kz.
Фото: Ашық дереккөз
Парламент палаталарының бірлескен отырысынан кейін өткен брифингте министр еліміздегі расталған газ қорының жағдайы мәз емес екенін ашық айтты. Оның сөзінше, қазіргі төмен баға жекеменшік компаниялар үшін тиімсіз, сондықтан олар газ өндіруге қызығушылық танытпай отыр.
«Біз әлі де газдың көтерме бағасын көтеруді жоспарлап отырмыз. Баға – инвесторлар үшін ынталандыратын әрі тартымды фактор. Сондықтан осы салаға инвестор тарту үшін биыл тағы бір рет газдың көтерме бағасын көтеруге мәжбүр боламыз», деді Серік Жұманғарин.
Вице-премьер егер ішкі өндіріс бағаны көтеру арқылы ынталандырылмаса, Қазақстанның сырттан келетін газ импортына тәуелділігі артатынын ескертті. Ал сыртқы жеткізушілер баға белгілеу кезінде еліміздің ішкі әлеуметтік жағдайын ескермейді.
Министрдің пайымдауынша, халық үшін газ бағасын болашақта салыстырмалы түрде қолжетімді деңгейде сақтаудың жалғыз жолы – өз өндірісімізді арттыру. Ал бұл тек көтерме тарифтерді өсіру арқылы инвесторларды қызықтырумен ғана жүзеге аспақ.
Соңғы жаңалықтар
Жаңа пандемия қаупі бар ма? Еуропада хантавирус жұқтыру деректері көбейді
Әлем • Бүгін, 15:04
Есірткі ұсынып, бірге кетуге көндірген: Алматыда жасөспірім қызға тиіскен ер адам іздестіріліп жатыр
Оқиға • Бүгін, 14:55
Қазақстан әскери мақсаттағы дрон өндірісін қаншалықты жолға қойды?
Технология • Бүгін, 14:50
600-ден астам зат тәркіленді: Алматыда әлеуметтік желі арқылы қару сату дерегі әшкереленді
Оқиға • Бүгін, 14:38
Шашынан тартып, лақтырған: Павлодарда 16 баланы азаптаған тәрбиешіге үкім шықты
Оқиға • Бүгін, 14:27
Алматыдағы студенттің өлімі: Қайғылы оқиғаға әділетсіз бағалау себеп болды ма?
Оқиға • Бүгін, 14:20
Жемқорлық үшін өлім жазасы: Қытайдың екі бірдей экс-министріне қатаң үкім шықты
Әлем • Бүгін, 14:05
Астанадан Франкфуртқа ұшқан ұшақ Ақтөбеге шұғыл қонды
Оқиға • Бүгін, 13:45
Ауа райы • Бүгін, 13:31
Ерлан Қарин: Заңнаманы үйлестіру елімізді өркендетудің жаңа кезеңі басталғанын айғақтайды
Ата заң • Бүгін, 13:19
Үтікпен күйдіріп, шанышқымен азаптаған: Сотта анасынан жәбір көрген балалар жауап берді
Оқиға • Бүгін, 13:02
Несиені төлеуге шамаңыз жетпесе не істеу керек?
Қоғам • Бүгін, 12:42
Мемлекет басшысы Рим Папасы XIV Леоға құттықтау жеделхатын жолдады
Президент • Бүгін, 12:28
Сайлаудағы жаңа ережелер: Бір мезгілде әрі депутат, әрі әкім болуға тыйым салынады
Парламент • Бүгін, 12:26
Қазақстан Үкіметі отставкаға кетеді
Үкімет • Бүгін, 12:17