Қазақстанда инфляция 11,7% ға дейін төмендеді

02.03.2026

Qazaq24.com, Egemen.KZ дереккөзінен алынған ақпаратқа сүйене отырып жаңалық таратады..

2026 жылғы ақпанда Қазақстанда айлық инфляция 1,1% болды. Бағаның өсуі барлық негізгі сегментте тіркелді: азық-түлік тауарлары – 1,3%, ақылы қызметтер – 1%, азық-түлікке жатпайтын тауарлар – 0,9%. Жылдық мәнде инфляция деңгейі 11,7%-ға жетті, деп жазады Egemen.kz.

Фото: Стратегиялық жоспарлау және реформалар агенттігінің Ұлттық статистика бюросы

Азық-түлік нарығындағы өзгеріс

Ақпан айында бірқатар көкөніс бағасы өсті. Атап айтқанда, қияр – 3,9%, басты пияз – 3,2%, апельсин – 0,9%, тауық еті – 0,6% қымбаттады. Ал сүйексіз сиыр еті 0,2% төмендеді.

Өңделген өнімдер арасында консервіленген жүгері бағасы 8,6%, минералды су 6,8% өсті.

Жылдық есепте кейбір әлеуметтік маңызы бар тауарлар арзандады: көк шөптер (көк пияз, аскөк, ақжелкен) – 7,6%, кәді – 6,2%, күріш – 4,3%, қырыққабат – 1,5% төмендеді. Ал мейіз – 8,8%, тәтті печенье – 8,5%, бал – 7,2%, құрма – 5,8% қымбаттаған.

Жалпы алғанда, жылдық мәнде азық-түлік бағасы 12,7% өсті.

Мемлекет басшысы: Инфляцияны ойға қонымды деңгейге түсіру қажет

Тұрмыстық тауарлар бағасы және қызмет көрсету саласы

Азық-түлікке жатпайтын тауарлар сегментінде де баға құбылуы байқалды. Кір жуатын машиналар 7,4%, стерильді таңғыштар 3,8%, электр шайнектер 2,6% қымбаттады. Смартфондар 1,7% арзандады.

Кейбір тауарлар бойынша өсім айтарлықтай болды: үтіктеуге арналған тақтай – 12,4%, стакандар жиынтығы – 8,9%, кір жуу ұнтағы – 1,5%.

2025 жылғы ақпанмен салыстырғанда душқа арналған гель 15%, цемент 11,2%, жуу және тазалау құралдары 9,3%, түсқағаз желімі 5,7% өсті.

Жылдық мәнде азық-түлік емес тауарлар 11,6% қымбаттады.

Ақылы қызметтер бағасы ақпанда 1% өсті. Кинотеатр қызметі 2,2%, фотограф қызметі 0,5% қымбаттады.

Жылдық көрсеткіш бойынша киім тазалау қызметі – 14,5%, косметолог қызметі – 12,7%, жаттығу залдары абонементі – 10,1% өскен. Жалпы, ақылы қызметтер бағасы бір жылда 10,8% артты.

Инфляция: Қатаңдық емес, икемділік керек

Тұтыну себетінің құрылымы

2026 жылғы қаңтардан бастап тұтыну бағалары индексін есептеу кезінде азық-түлік тауарларының үлесі 41,1%, азық-түлік емес тауарлар – 28,4%, ақылы қызметтер – 30,5% болды.

Инфляция деңгейін сипаттайтын тұтыну бағалары индексі ай сайын есептеледі. Бағалар мен тарифтерге бақылау 537 позиция бойынша жүргізіледі. 2018 жылдан бергі динамика арнайы әзірленген интерактивті дашбордта көрсетілген.

Ұлттық статистика дерегі баға өсімі барлық негізгі санатта сақталып отырғанын аңғартады. Бұл үрдіс ішкі нарықтағы сұраныс пен ұсыныс теңгеріміне, сондай-ақ сыртқы факторларға тікелей байланысты.

Жылдық инфляцияның баяулауы баға төмендеуіне әсерін тигізе алды ма?

Соңғы жаңалықтар

Референдум кезінде шалғайда жүрген азаматтар қалай дауыс береді?

Ата заң • Бүгін, 16:53

Иран Нетаньяхудың кеңсесіне соққы жасады

Саясат • Бүгін, 16:50

Қазақстан халқының саны қаншаға жетті?

Қоғам • Бүгін, 16:39

Астанада құтқарушылар лифтіде қалып қойған балаларды шығарып алды

Төтенше жағдай • Бүгін, 16:30

Қазақстан ЭЫДҰ-ның қоғамдық адалдық жөніндегі ұсынымына қосылды

Қоғам • Бүгін, 16:21

Президент Бахрейн Королімен телефон арқылы сөйлесті

Президент • Бүгін, 16:15

«Қазцинк» ұжымы конституциялық реформаны қолдады

Ата заң • Бүгін, 16:13

Оқу-ағарту министрі: Балалар саяси текетірестің құрбаны болмауы тиіс

Оқиға • Бүгін, 16:10

Қызылшаға қарсы екпе медицина қызметкерлеріне де салынатын болды

Медицина • Бүгін, 15:51

Елімізде наурыз айындағы ҰБТ басталды

Білім • Бүгін, 15:47

Туристік маусымның ашылуы: Наурызда екі маңызды іс-шара өтеді

Туризм • Бүгін, 15:37

Ерлікпен қаза тапқан фельдшерге туған жерінде ескерткіш тақта орнатылды

Тағзым • Бүгін, 15:28

Қайрат Сатыбалдының бизнес-орталығы 61 миллиард теңгеге сатылады

Оқиға • Бүгін, 15:10

Астанада мектеп директоры мен есепшісі 600 млн теңгеге жуық қаражатты жымқырған

Қоғам • Бүгін, 15:02

Жаңа Конституция жобасы кемел қоғамның моделін ұсынады

Ата заң • Бүгін, 14:48

Барлық жаңалықтар

Соңғы жаңалықтар мен жаңартуларды жіберіп алмау үшін Qazaq24.com сайтынан бақылауды жалғастырыңыз, біз жағдайды қадағалап, ең өзекті ақпаратты ұсынамыз.
Читать полностью