Qazaq24.com, Inform.KZ дереккөзінен алынған мәліметтерге сүйене отырып жаңалық жариялады..
Атап айтқанда, жылдық мәнде азық–түлік тауарларының бағасы 12,9 пайызға өсті (желтоқсанда – 13,5%), ақылы қызметтер – 12 пайызға, азық–түлік емес тауарлар – 11,7 пайызға қымбаттады (желтоқсанда – 11,1%).
Сонымен қатар жалпы инфляция деңгейіне ең үлкен үлесті азық–түлік өнімдері мен алкогольсіз сусындар қосты – 5,4 пайыздық тармақ. Сондай-ақ көлік қызметтері – 1,1 пайыздық тармақ, жеке күтім, әлеуметтік қорғау және өзге де тауарлар мен қызметтер, сондай–ақ киім мен аяқ киім – әрқайсысы 1 пайыздық тармақтан әсер етті.
Қаңтар айында азық–түлік емес тауарлар 1,2 пайызға, ақылы қызметтер 1,1 пайызға, ал азық–түлік өнімдері 0,8 пайызға қымбаттады.
Жылдық инфляцияның ең жоғары деңгейі Солтүстік Қазақстан облысында тіркелді – 14,3 пайыз. Сондай–ақ Ақмола, Павлодар және Ұлытау облыстарында инфляция деңгейі 13,5 пайызды құрады.
Жекелеген тауарлар мен қызметтер арасында бағаның ең жоғары өсімі ет пен құс етіне тиесілі болды – 23 пайыз. Бензин бағасы 16,8 пайызға, алкогольсіз сусындар да 16,8 пайызға қымбаттады. Ақылы қызметтер секторында су бұру қызметтері 18,7 пайызға, газ 16,2 пайызға, оның ішінде сұйытылған газ 24,7 пайызға өсті.
Сонымен қатар кейбір тауарлар бойынша бағаның төмендеуі байқалды. Атап айтқанда, көкөністердің бағасы жылдық мәнде 2,7 пайызға арзандаса, суық су тарифі 12,9 пайызға төмендеді.
Айта кетейік, 2026 жылғы қаңтардан бастап Ұлттық статистика бюросы тұтыну бағалары индексін инфляцияны есептеудің жаңартылған әдісін енгізді.