Қазақстанда инфляция қарқыны баяулай бастады

01.04.2026

Egemen.KZ парақшасынан алынған деректерге сүйене отырып, Qazaq24.com хабарлама жасады..

2026 жылғы наурызда Қазақстанда айлық инфляция деңгейі 0,6%-ды құрады. Бұл ақпан айымен салыстырғанда баға өсімі қарқынының 0,5 пайыздық тармаққа баяулағанын көрсетеді. Бағаның бәсеңдеуі барлық сегменттерде: азық-түлік (0,7%), ақылы қызметтер (0,6%) және азық-түлікке жатпайтын тауарлар (0,5%) бойынша байқалды, деп хабарлайды Egemen.kz.

Фото: Ашық дереккөз

Бір ай ішінде азық-түлік өнімдерінен қияр бағасы бірден 22,6%-ға төмендеген. Сондай-ақ пияз (10,9%), қызанақ (2,6%), қырыққабат (1,9%) және қарақұмық жармасы (1,2%) арзандады.

Ал азық-түлікке жатпайтын тауарлар арасында шаңсорғыш (8,2%), үтік (7,7%), смартфон (2,7%) және автомобиль (2,3%) бағасының төмендеуі тіркелді.

AERC болжамы: Мамыр айында жылдық инфляция 11,01%-ға дейін төмендеуі мүмкін

Тәтті бұрыш (10,7%), банан (5,4%), қызылша мен сәбіз (4,2%) қымбаттаған. Техника мен бұйымдардан алтын сақиналар мен ас үй пештері (5,5%), теледидарлар (4,1%) және сымсыз құлаққаптар (2,2%) бағасы өсті.

Қызмет көрсету саласында бассейн абонементі (3,3%), электрик қызметі (2,1%) және кариесті емдеу (1,6%) құны жоғарылаған.

2026 жылдың наурызында жылдық инфляция 11%-ды құрап, ақпанмен салыстырғанда 0,7 пайыздық тармаққа төмендеді. Жылдық мәнде қияр 40,9%-ға, қызанақ 16,5%-ға арзандаса, алма (13,5%) мен сұлы жармасы (12,9%) қымбаттаған. Сондай-ақ курьерлік қызмет (14,3%) пен мерекелерді ұйымдастыру (10,8%) айтарлықтай өскен.

«Малшы мен ветеринар жоқ»: Депутат азық-түлік қауіпсіздігіне қауіп төніп тұрғанын айтты

Айта кетейік, инфляция көрсеткіші 537 позиция бойынша есептеледі. 2026 жылдың басынан бері инфляция себетіндегі азық-түліктің үлесі 41,1%-ды құрап отыр.

Соңғы жаңалықтар

Қазақстанда инфляция қарқыны баяулай бастады

Инфляция • Бүгін, 15:15

Маңғыстауда жанармай құю бекетінде жарылыс болды: Жұмысшы зардап шекті

Аймақтар • Бүгін, 14:59

14 қылмысты жасырған: Алматыда бұрынғы полицей сотталды

Қоғам • Бүгін, 14:42

Әкесін соққыға жыққан азаматтың ісі: Сот айыпталушыға қатысты үкімді өзгертті

Заң мен Тәртіп • Бүгін, 14:39

«Әлемдегі ең тартымды валютаның бірі»: Тимур Сүлейменов теңгенің нығаюына қатысты пікір білдірді

Теңге • Бүгін, 13:59

Жемқорлыққа қатысы бар: Қырғызстанда Қамшыбек Тәшиевтің ағасы ұсталды

Әлем • Бүгін, 13:44

«Әйелін сыйға тарту – қылмыс»: Депутат желідегі «дүмше» ұстаздарға шұғыл тойтарыс беруге шақырды

Парламент • Бүгін, 13:33

Ротация реформасы: Мектеп директорларын шекті мерзімге тағайындау қаншалықты тиімді?

Білім • Бүгін, 13:23

Аида Балаева: Қазақстанда 700-ден астам білім беру бағдарламасы қысқартылады

Білім • Бүгін, 13:18

Мәжбүрлі түрде емделеді: Нұрай Серікбайды өлтірген күдікті психикалық мекемеге жіберілді

Қоғам • Бүгін, 13:02

«Малшы мен ветеринар жоқ»: Депутат азық-түлік қауіпсіздігіне қауіп төніп тұрғанын айтты

Шаруашылық • Бүгін, 13:00

Елімізде құпия мәліметтердің қауіпсіздігіне бақылау күшейеді

Қазақстан • Бүгін, 12:51

Белгілі заңгер әрі блогер Әділетхан Молдахан қамауға алынды

Оқиға • Бүгін, 12:28

Далида Ділмұратқызы: Мүмкіндігі шектеулі жандар үйде отырып қалмауы керек

Қоғам • Бүгін, 12:27

«Моральдық құқығымыз жоқ»: Депутат мас жүргізушілерге рақымшылық жасауға қарсы шықты

Парламент • Бүгін, 12:10

Барлық жаңалықтар

Оқиғаларды жіберіп алмау үшін Qazaq24.com сайтынан ең өзекті жаңалықтарды қарап отырыңыз.
Читать полностью