Қазақстанда инклюзивті білім беретін бөлек мектептер салынады

08.09.2026

Qazaq24.com, Sputnik.KZ дереккөзінен алынған мәліметтерге сүйене отырып жаңалық жариялады..


АСТАНА, 8 қыркүйек – Sputnik. Қазақстанда инклюзивті білім беретін бөлек мектептер салынады. Бұл туралы оқу-ағарту министрі Жұлдыз Сүлейменова мәлімдеді, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан тілшісі.

Бұған дейін президент Қазақстанды үлкен құрылыс алаңына айналдыру қажеттігін айтқан. Себебі ақшаның құны уақыт өте келе төмендей береді. Оқу-ағарту министрі Жұлдыз Сүлейменованың айтуынша, үлкен құрылыс кезінде инклюзивті мектептер де салынады.

"Бізде үлкен инфрақұрылымдық жобалар салынатын болады. Мәселен, соның аясында біз инклюзивті білім беретін бөлек мектептерді соғуды қарастырып жатырмыз", - деді Сүлейменова үкіметте өткен брифингте.

Айта кетері, әлеуметтік нысандардан бөлек әуежайлар, вокзалдар, сумен қамтитын ірі құрылғылар, өндірістер, кәсіпорындар, темір мен автожолдарды жоғары қарқынмен салынады.

Оқиғаларды жіберіп алмау үшін Qazaq24.com сайтынан ең өзекті жаңалықтарды қарап отырыңыз.
Читать полностью