Qazaq24.com, Tengrinews.KZ дереккөзінен алынған мәліметтерге сүйене отырып түсініктеме береді..
Қазақстанда сот Иран Ислам Республикасының үш азаматына қатысты үкім шығарды. Олар мемлекеттік шекараны заңсыз кесіп өткені үшін кінәлі деп танылды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz Маңғыстау облысының прокуратурасына сілтеме жасап.
24 шілдеде Иранның үш азаматы балық аулау кезінде Каспий теңізі арқылы Қазақстанның мемлекеттік шекарасын заңсыз кесіп өткен, кейін оларды ҰҚК Шекіра қызметінің әскери қызметшілері ұстады.
Қылмыстық кодекстің 392-бабы 1-1-бөлігі "Адамдар тобының алдын ала сөз байласуы бойынша мемлекеттік шекараны өткізу пункттерінен тыс жерде қасақана заңсыз кесіп өту" бойынша қылмыстық іс қозғалды.
Қарақия аудандық сотының үкімімен Иран Ислам Республикасының үш азаматы кінәлі деп танылып, оларға Қазақстан Республикасының шегінен тыс жерге шығарып жібере отырып, бір жылға бас бостандығынан айыру түріндегі жаза тағайындалды.
Сот үкімі қазіргі уақытта заңды күшіне енген жоқ.
Бұған дейін Қазақстанның батысында шекараны заңсыз кесіп өткені үшін үш шетелдік ұсталған болатын. Сот олардың Ресеймен шекарадағы бекет маңында екі қатарлы сым қоршаудан асып түскенін анықтады.
Тағы оқыңыз: Қазақстаннан шығарылған шетелдік әйел жұмысқа бару үшін шекараны жаяу кесіп өткен
Бізді Google-дың негізгі дереккөздер тізіміне қосыңыз
Қосу