Sputnik.KZ парақшасынан алынған деректерге сүйене отырып, Qazaq24.com хабарлама жасады..
АСТАНА, 21 мамыр – Sputnik. Қазақстанда ірімшік пен сүзбе өндірісі артты, деп хабарлады ұлттық статистика бюросы.
2026 жылдың алғашқы үш айының қорытындысы бойынша ірімшік пен сүзбе өндірісі 38,8%-ға өсті.
"Осы жылдың қаңтар-наурыз айларында 15,3 мың тонна ірімшік пен сүзбе өндірілген. Бұл 2025 жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда 4,2 мың тоннаға көп", - деп жазылған хабарламада.
Сонымен қатар импорт көлемінің төмендеуі байқалады: ол 10,1%-ға азайып, 9,4 мың тоннаны құрады. Айта кетері, 2025 жылдың қаңтар-наурызында бұл көрсеткіш 10,5 мың тонна болған. Импорттық өнімнің үлесі жалпы ресурстар көлемінің 38,2%-ын құрайды, дейді статистика мамандары.
Экспорт 20,2%-ға қысқарған: 2026 жылдың алғашқы үш айында 382,2 тонна ірімшік пен сүзбе экспортталды.
Аталған кезеңде ішкі нарықтағы сатылым көлемі 24,4 мың тоннаны құрады, бұл өткен жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда 15,7%-ға өскен.