Egemen.KZ парақшасынан алынған ақпаратқа сүйене отырып, Qazaq24.com хабарлама жасады..
Ұлттық статистика бюросының мәліметінше, 2026 жылдың алғашқы үш айында ең төменгі күнкөріс деңгейінен төмен табыс табатын тұрғындардың саны 1 миллионнан асып, бір жыл ішінде 10 пайызға өскен.
Есепті кезеңде ең төменгі күнкөріс деңгейі 64,2 мың теңге болып белгіленген. Қазіргі таңда ел халқының 4,9 пайызы осы деңгейден төмен табыспен өмір сүріп жатыр.
Ел тұрғындары табысының қанша бөлігін киім-кешекке жұмсайды?
Кедейлік деңгейі ең жоғары өңір – Түркістан облысы. Мұнда 182,1 мың адам немесе өңір тұрғындарының 8,5 пайызы күнкөріс минимумына жете алмай отыр. Одан кейін Абай облысы (7,6%), Маңғыстау облысы (7,2%) және Жетісу облысы (6,8%) орналасқан.
Ал ең төменгі көрсеткіш Астана қаласында тіркелді. Елордада кедейлік деңгейі 2,7 пайызды құрағанымен, бір жыл ішінде кедейлік шегінде өмір сүретін тұрғындар саны 34,8 пайызға артқан.
Статистика кедейлік деңгейі туралы ақпаратты құпияландырып жіберді
Сондай-ақ Алматы қаласында табысы күнкөріс минимумынан төмен тұрғындар саны 97,8 мың адамға жетіп, өткен жылмен салыстырғанда 21,5 пайызға көбейген.
Статистикаға сәйкес, кедейлік көбіне көпбалалы және үлкен отбасыларда байқалады. Елдегі аз қамтылған азаматтардың 873,5 мыңы бес және одан да көп адам тұратын отбасыларда өмір сүреді.
Бұдан бөлек, 25,4 мың адамның айлық табысы ең төменгі азық-түлік себетінің құнынан да төмен. Яғни олардың бір айдағы табысы 35,3 мың теңгеге де жетпейді. Бұл көрсеткіш өткен жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда 1,5 есе артқан.
Ең төмен табыспен өмір сүретін тұрғындар санының ең жоғары өсімі Ұлытау облысында (3,1 есе) және Шымкент қаласында (1,6 есе) тіркелген.
Салыстыру үшін, Қазақстанда бір адамның орташа айлық табысы 133,3 мың теңгені құрайды.
Айта кетейік, Қаржы вице-министрі Ержан Біржанов 2027 жылдан бастап азаматтардың табысы олардың шығыстарына қаншалықты сәйкес келетіні тексерілетінін мәлімдеді.