Qazaq24.com, Egemen.KZ дереккөзінен алынған мәліметтерге сүйене отырып түсініктеме береді..
Фото: Ашық дереккөз
Вице-министрдің айтуынша, еңбек кітапшалары қазіргі заманда өзектілігін жоғалтқан. Сондықтан еңбек қызметін есепке алудың толық цифрлық жүйесіне кезең-кезеңімен көшу жоспарланып отыр.
«Бұрын оларды жоғалтып алмауға тырысып, өзімізбен бірге алып жүретінбіз, қажет болса қалпына келтіретінбіз. Қазір еліміздегі барлық жұмыс берушілер бойынша деректер цифрландырылды. Енді кадрлық және басқа да жүйелерді біріктіру қажет. Келесі жылдан бастап кезең-кезеңімен көшеміз», деді Ербол Тұяқбаев.
Вице-министрдің сөзінше, бүгінде жұмыс берушілер туралы бірыңғай цифрлық база қалыптасқан. Келесі кезеңде кадрлық қызметтер мен өзге де ақпараттық жүйелер біріктіріліп, еңбек қызметін есепке алу толықтай электронды форматқа көшіріледі.
Еске сала кетейік, министрлік еңбек кітапшалары цифрлық форматқа өтетінін бұған дейін де мәлімдеген болатын. Ал былтырдан бастап елімізде тұрғындардың жеке медициналық кітапшалары да цифрлық форматқа көшірілген еді.