Қазақстанда кім вице президент бола алады: Парламент түзетулерді қарастырып жатыр

08.05.2026

Qazaq24.com, Tengrinews.KZ дереккөзінен алынған мәліметтерге сүйене отырып ақпарат бөліседі..

Қазақстанда вице-президент лауазымы заң жүзінде бекітіледі. Тиісті Конституциялық заң жобасы бүгін Парламент палаталарының бірлескен отырысында қаралып жатыр, деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Қазақстанда вице-президент лауазымы заң жүзінде бекітіледі. Тиісті Конституциялық заң жобасы бүгін Парламент палаталарының бірлескен отырысында қаралып жатыр, деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Әділет министрі Ерлан Сәрсембаевтың сөзінше, Конституциялық заң жобасының негізгі жаңалығы – конституциялық деңгейде енгізілген жаңа институтты, атап айтқанда Қазақстан Республикасының вице-президенті лауазымын іске асыру. Бұл мемлекеттік басқару жүйесінің тұрақтылығын арттыруға және жоғары билік органдары қызметінің сабақтастығын қамтамасыз етуге бағытталған.

"Конституциялық заң жобасының 3-тарауында вице-президентті Құрылтайдың келісімімен Президент тағайындау тәртібі, сондай-ақ үміткерге қойылатын нақты біліктілік талаптары белгіленеді. Оның өкілеттігін тоқтату негіздері, жоғары лауазымды тұлға мәртебесіне ұқсас шектеулер қарастырылған. Сондай-ақ оның негізгі функциясы – Президенттің тапсырмасы бойынша мемлекеттік органдармен өзара іс-қимыл кезінде Президенттің атынан өкілдік ету болып бекітіледі", - деді Ерлан Сәрсембаев.

Бұл ретте вице-президент өкілеттіктерін егжей-тегжейлі регламенттеу Президент актілерімен жүзеге асырылады, бұл құқықтық реттеудің икемділігін
және мемлекеттік басқарудың практикалық міндеттеріне бейімделу мүмкіндігін қамтамасыз етеді.

Вице-президенттің қызметін Мемлекет басшысының Әкімшілігі қамтамасыз ететін болады.

Қазақстанда кім вице-президент бола алады

Президент туралы Конституциялық заң жобасына сәйкес, вице-президентті қызметке Қазақстан Республикасының Президенті Құрылтайдың келісімімен, оның депутаттарының жалпы санының көпшілік дауысымен тағайындайды.

Қазақстанның вице-президенті болып туғанынан Қазақстан Республикасының азаматы болатын, жасы 40-тан кем емес, мемлекеттік тілді еркін меңгерген, соңғы 15 жылда Қазақстанда тұратын, жоғары білімі бар азамат тағайындала алады.

ҚАЗІР ТАЛҚЫЛАНЫП ЖАТЫР

Медалін шешуді ұмытып кеткен қазақстандық спортшы әуежайда қызық жағдайға тап болды

29 сәуір 08:10 1

Қазақстанның Халық жазушысы Мұхтар Шаханов өмірден өтті

19 сәуір 22:47 1

Қазақстанның Ибраһим келісімдеріне ресми түрде қосылу рәсімі Астанада өтуі мүмкін

27 сәуір 20:44 1

Қазақстан вице-президентінің өкілеттіктері

Вице-президент Қазақстан Президентінің тапсырмасы бойынша Құрылтаймен, үкіметпен және өзге де мемлекеттік органдармен өзара іс-қимыл жасау кезінде оның атынан өкілдік етеді, сондай-ақ Президент айқындайтын өзге де өкілеттіктерді жүзеге асырады.

Вице-президент өзінің өкілеттіктерін жүзеге асыру кезеңінде өкілді органның депутаты болып сайлануға, өзге де ақы төленетін қызметтерді атқаруға, кәсіпкерлік қызметпен айналысуға, сондай-ақ саяси партияда болуға құқылы емес.

Вице-президенттің өкілеттіктерін тоқтату

Қазақстан вице-президентінің өкілеттіктері мынадай жағдайларда тоқтатылады:

өкілеттіктерін өз еркімен тоқтату туралы өтініш бергенде; Қазақстан Республикасы Президентінің атқарып отырған лауазымынан босату туралы шешімі қабылданғанда; Қазақстан Республикасының азаматтығы тоқтатылғанда немесе шет мемлекеттің аумағында тұрақты тұру құқығын растайтын тұруға ықтиярхат не өзге де құжат алғанда; оған қатысты соттың айыптау үкімі заңды күшіне енгенде; оны соттың заңды күшіне енген шешімімен әрекетке қабілетсіз деп танығанда немесе оның әрекет қабілеттілігі шектелгенде; оны соттың заңды күшіне енген шешімімен хабар-ошарсыз кетті деп танығанда; ол қайтыс болғанда немесе соттың заңды күшіне енген шешімімен қайтыс болды деп жарияланғанда; Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген өзге де негіздер туындағанда.

Вице-президенттің өкілеттіктерін тоқтатуды осы тармақтың бірінші бөлігінде көзделген негіздер бойынша Қазақстан Республикасының Президенті жүзеге асырады.

Президент вице-президенттің өкілеттігі тоқтатылған күннен бастап 20 күн ішінде вице-президентті тағайындауға келісім алу үшін Құрылтайға оның кандидатурасын ұсынады.

Егер бұл мерзім Құрылтай өкілеттігінің мерзімінен бұрын тоқтатылуына байланысты оның уақытша болмау кезеңіне немесе Құрылтай сессиялары арасындағы кезеңге сәйкес келсе, Президент Құрылтайға вице-президент кандидатурасын тиісінше Құрылтай жұмысы басталған не кезекті сессиясы басталған күннен бастап 20 күн ішінде ұсынады.

Президент туралы Конституциялық заң жобасы бірінші оқылымда қаралып, мақұлданды.

Мән-жайы

Вице-президент институты 2026 жылғы 15 наурыздағы референдумда қабылданған жаңа Конституцияда бекітілген болатын. Қаңтар айында Ұлттық құрылтайдың V отырысында сөйлеген сөзінде Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев вице-президентті тағайындау мен оның өкілеттіктер аясын айқындауды Президенттің өзі жүзеге асыратынын мәлімдеді. Вице-президенттің қызметтік функционалына қатысты негізгі ережелер Конституцияда көрсетілген.

10 сәуірде Президент Қасым-Жомарт Тоқаев жаңа Конституцияның 2026 жылғы 1 шілдеден бастап өз күшіне енетінін, ал Құрылтай сайлауы тамызда өтетінін еске салды.

Google News арқылы жаңалықтарымызды қадағалаңыз

Жазылу

Маңызды жаңалықтар мен жаңартуларды өткізіп алмау үшін Qazaq24.com сайтын қадағалаңыз.
Читать полностью